Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы

Педагог-ұйымдастырушы-куратор

Алматы қ. РФММ филиалында кураторлық жүйе жұмыс істейді — мектептің тәрбие жұмысының маңызды буыны.

Педагог-ұйымдастырушы-куратор мектептің тәрбие жұмысы жүйесінің бағыттарын іске асырады; оқушыларды басқарудың демократиялық қағидаттарын енгізеді, оқушыларды жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімдеуді жүзеге асырады;

Оқушылардың сабақтан тыс іс-шараларға, әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға қатысуын қамтамасыз етеді;

Сынып сағаттарын, сыныппен іс-шараларды, ата-аналар жиналыстарын өткізеді;

Сыныпта/мектепте оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыруға көмек көрсетеді;

Баланың жеке дамуын жүйелі бақылауды жүзеге асырады, оның жеке басын қалыптастыру үшін жағдай жасауға ықпал етеді; Оқушылардың сыни ойлауын, жеке қабілеттерін, академиялық адалдығын және жалпы мәдениетін дамытуға ықпал етеді;

Оқушының жеке басын өзін-өзі жүзеге асыруға, оның құқықтары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдеседі;

Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

Оқушылардың ата-аналарымен және/немесе өзге де заңды өкілдерімен оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды, оларды оқу процесінің мазмұнымен және оқушылардың үлгерімімен таныстырады;

Өзінің кәсіби біліктілігін арттырады, семинарлар мен тренингтерге қатысады;

Өз өкілеттіктері шеңберінде есепті құжаттаманың белгіленген тәртіппен сапалы және уақтылы жасалуын, дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;

Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын орындайды; Тәрбие процесінде нәтижелілікті қамтамасыз етеді; Мектеп деңгейінде ашық сабақтар, іс-шаралар өткізеді;

Оқушылардың жеке жетістіктерінің портфолиосын жасайды және жүргізеді; Оқушылардың жеке істерін (өтініштер, табельдер, туу туралы куәліктердің, паспорттардың және т. б. көшірмелері), денсаулық паспорттарын және оқушылардың өзге де құжаттарын уақтылы тапсыруды қамтамасыз етеді;

Оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарын жасайды; Оқушылардың РФММ оқушылар кодексін сақтауына ықпал етеді және бақылайды (оның ішінде мектеп формасын күнделікті кию, ауыстырылатын аяқ киімнің болуы);

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырады оқытудың интерактивті түрлерін шебер қолданады, оқушыларды медициналық кабинетке, серуендеуге (тимбилдингке)алып жүреді;

Жыл бойы тәрбие іс-шараларының әзірлемелері (есептер, әзірлемелер, фото және бейнематериалдар және т.б.) бар папканы жүргізеді