Сіздерді өзімнің жеке блогымның парақшасында қарсы алу – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі маңызды мүмкіндік. Бұл алаң сіздермен ашық, мазмұнды және тиімді байланыс орнатуға бағытталған.
Осы платформада өзара пікір алмасып, ортақ ойларды талқылап, мектептің дамуына қатысты бастамаларды бірге жүзеге асыра аламыз деп сенемін.
Республикалық физика-математика мектебі – еліміздегі сапалы білімнің, жоғары академиялық нәтижелердің және ғылымға деген ынтаның қалыптасқан символы. Біз көпжылдық тәжірибеміз бен дәстүрлерімізді сақтай отырып, білім беру үдерісін заман талаптарына сай жетілдіруді жалғастырудамыз.
Мектептің дамуы, оқу үдерісі және жаңа бастамаларға қатысты ой-пікірлеріңіз біз үшін ерекше маңызды. Сіздердің ұсыныстарыңыз – ортақ жетістігімізге жетелейтін құнды бағыт-бағдар. Мен сіздерді ашық диалогқа шақырамын.
Құрметпен,
Мейірлан Едігерұлы Мейірбек
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ
Алматы қаласындағы филиалының директоры
Сұрақ қою ережелері
Сұрақтарыңызды жолдаған кезде төмендегі талаптарды сақтауыңызды сұраймыз:
Ескертпе: Аталған талаптар сақталмаған жағдайда сайт әкімшілігі сұрақты жауапсыз қалдыру немесе өшіру құқығын өзіне қалдырады.