Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы

Жеңілдіктер

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!

 

«Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ «РФММ» КЕАҚ филиалдарының оқушылары үшін оқу ақысына келесі жеңілдіктер санаттары қарастырылғанын хабарлайды:

Жеңілдіктер санатыЖеңілдік мөлшері, %
Мектептерде оқитын мүгедектігі бар балалар50 (елу)
Заңды өкілдерінің бірі немесе екеуі де — I–II топтағы мүгедектігі бар адамдар10 (он)
Көпбалалы отбасы (әрбір оқушыға)10 (он)
Жетім балалар немесе ата-анасының бірі қайтыс болған балалар10 (он)
Мектептерде оқитын 2 (екі) және одан да көп оқушы (оқу ақысы жоғарырақ екінші және одан кейінгі оқушыға)10 (он)
Қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның қазақ ұлтындағы отбасы мүшелері10 (он)
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай20 (жиырма)
«РФММ» КЕАҚ қызметкерлерінің балалары *75 (жетпіс бес)
«РФММ» КЕАҚ қызметкерлерінің немерелері50 (елу)
Математика, физика және информатика пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлері; математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндері бойынша Республикалық олимпиада жүлдегерлері; Халықаралық олимпиада жүлдегерлері (IBO, IMO, IOI, IChO, IPhO, IPO, IOAA, ILO, IGEO, EGMO)50 (елу)

«РФММ» КЕАҚ оқушыларына жеңілдіктер беру туралы 2026 жылғы 27 наурыздағы ереже

Шетелдік оқушыларға жеңілдіктер туралы 2026 жылғы 10 шілдедегі ереже