Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

STEM College

Тіркелу

РФММ жанындағы “STEM COLLEGE” 2021 жылы 9 сыныпты  бітірген оқушылар үшін — бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша 2021-2022 оқу жылына студенттерге конкурстық қабылдау жариялайды.

Біз STEM мамандандыруымен үштілді бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаймыз.

Оқу мерзімі: негізгі орта білім негізінде – 3 жыл 10 ай.

Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 20 тамызына дейін жалғасады.

Колледжде оқыту үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Оқу түрі: күндізгі

Мамандықтар бойынша даярлауды РФММ жетекші оқытушылары, «педагог-шебер» біліктілігі бар мұғалімдер, магистрлер жүргізеді.

Перспективалары:

  1. Үздік мектептерге жұмысқа орналастыру
  2. Халықаралық сертификаттарды алу
  3. Әлемнің үздік педагогикалық жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру.

 

Ақылы бөлімнің жылдық ақысы 300 000 теңге.

Үздік аттестат иегерлері үшін оқу ақысыз. 

 

Конкурс 21 тамызда әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Ұсынылатын құжаттар тізімі :

  1. Білім туралы құжат ­­- негізгі мектепті бітіргені туралы Куәлік.
  2. Фото 3х4 – 4 дана.

Басқа қала тұрғындары жатақханамен қамтамасыз етіледі. 

Оқуға түсу шарттары және басқа сұрақтар бойынша 87051180291 телефонына хабарласуға болады.

Тіркелу