Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
24
Feb
20

Жылау адам қуатын әлсіретіп, күлу қуатты күшейтеді…



20.02.20 күні Алматы РФММ мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» үйірмесі мүшелері мен 9 «В» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Адам қуатының тербелісі мен жиілігі» атты тақырыпта танымдық-интеллектуалдық тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты – адамның дене қуаты мен рухани қуаты қайдан келеді деген сауалға жауап іздеп, ғылымдағы құдірет танудың, толыққанды өмір сүрудің біртұтас тәжірибесін оқушыларға таныстырып, оларға адамның қуаты, тербеліс жиілігі туралы түсінік беру. Ашық тәрбие сағатының бағдарламасында адам қуаты туралы ғылыми және рухани дәйектемелер оқушылардың зерттеуімен көрерменге ұсынылды. Педагог-психолог Күнсая Ермекқызының «Жауапкершілік позициясы» атты аудиокітабының алғашқы кейіпкері 9 «В» сынып оқушысы Нұр Ходжабергеновтің «Мен ақылы оқудан грантқа қалай ауыстым?!.» атты мотивациялық эссесі оқушының өз оқуымен аудиожазба түрінде, сондай-ақ «Өз хикаясының жұлдыздары» атты ютубканалға арналған авторлық жобаның қатысушылары Халықаралық жарыстың жүлдегері, еркін күрестен спорт шеберлігіне кандидат Батыр Мұраттың және халықаралық онлайн олимпиаданың ағылшын тіліндегі ғылыми жобасынан алтын медальдің иегері атанған Рахман Қазбектің шынайы әңгімелерінің бейнебаяны көрсетілді. Иллюзионист, менталист Мухаммед мырзаның Magic for smart бағдарламасы да жасөспірімдер көңілінен шықты. Қол күрестіруден 7-10 сыныптар арасында бақ сынаған оқушылар Али, Әділ, Бекзат және Нұрасыл жеңімпаз атанды. Tik Tok dance биін билеген Төрехан Дария, Биргебаева Алуа және Ақылбекқызы Амина сахнаға алғаш шығып, өз өнерлерін көрсетті.

Тәрбие сағаты жылау адам қуатын әлсіретіп, күлу күшейтетінін, сондай-ақ адамның тәнін ауыртқан жағдайлардың бәрі төменгі тербеліс жиілігін білдіріп, ол адамға сүйіспеншілікпен бір нәрсе жасауды ескертетінін, ал адамның өз жанына жағатын жағдайларды істеуге тырысуы оның тербеліс жиілігінің жоғарылығын көрсетеді. Ондай адамдар қоршаған ортаға, табиғатқа қызығушылық танытады деп қорытындыланды.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

12
Mar
20

Мектептің ер-азаматтары 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

2020 жылдың 6 наурызында мектептің барлық ер-азаматтары 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Таңертеңнен бастап жігіттер мен ерлер қыздар мен әйелдерді гүлдермен, сыйлықтармен…

11
Mar
20

Қысқы математикалық ойындардың нәтижелері

РФММ жас математиктерге арналған қысқы маусым кезекті жеңісімен аяқталды. Tamos Education физика-математика мектебінің базасында республикалық қысқы математикалық ойындар өтті, оған 700-ден астам оқушы…

10
Mar
20

«Көктем аруы – 2020»

2020 жылдың 4 наурызында мектебімізде кезекті «Көктем аруы – 2020» байқауы өткізілді. Байқауға    8 сынып бойынша 6 ару қыздарымыз қатысты. Байқауға қатысқан…

06
Mar
20

“Ана отбасының тірегі, мейірімділіктің жүрегі”

5 наурыз күні 9 “А” мен 9 “С” сыныптарының тәрбиешісі М.Б. Айтуарованың ұйымдастыруымен “Ана отбасының тірегі, мейірімділіктің жүрегі” атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Ана…

06
Mar
20

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

8 наурыз – бұл табиғаттың біртіндеп оянуының қуанышты сезіміне, жан дүниенің ерекше мейірімді және толғандыратын жарығына толы күн. Әйелдер мерекесі біздің әрқайсымызды –…

26
Feb
20

Жігіт сұлтаны – 2020

2020 жылдың  21 ақпаныңда  мектебімізде кезекті президеттік «Жігіт сұлтаны 2020»  сайысы өткізілді. Сайысқа 8 сынып бойынша  6 үміткер қатысты. Сайысқа қатысқан оқушыларымыз кезең…

22
Feb
20

Интернат бөлмелерінің тазалығы мен тәртібі Vol.4 байқауының қорытындысы

19 ақпан күні мектеп мәжіліс залында интернат тәрбиеленушілерімен жиналыс өтті. Жеңімпаздар – 6/1 бөлмесі сыйлыққа кресло алды, ал интернаттың ең таза 10 бөлмесіне…

22
Feb
20

Көшбасшы болу өнері – өміріңнің өзегі!

20.02.2020ж. күні Республикалық физика-математика мектебі интернатында «Сырғалым», «Қазақтың 100 әні», «Жаңалық жаршысы» үйірмелерімен бірге Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Педагогикалық шеберлік Академиясы оқушылар бойында көшбасшылықты…

22
Feb
20

«Аудиокітапты тыңдай білудің өзі – миға керемет жаттығу…»

19.02.20 жылы Алматы РФММ интернатының кітапханасында F2F Guests жобасының кезекті қонағы – жас та болса ерекше қалыптасып үлгерген тұлға, сәулетші, ақын, зергер Даурен…

22
Feb
20

ӨЗГЕЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС, СЕН ӘЛЕМГЕ ҚАЖЕТСІҢ!

Мемлекет басшысы Жастар жылын қорытындылауға арналған жиында өз сөзінде еріктілікті бір жолғы сенбіліктер мен экологиялық іс-шаралар-челлендждер ретінде қабылдау дұрыс емес, ал ең алдымен…