Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
08
Apr
19

XIX Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасы



Құрметті олимпиадалардың жанашырлары! Дәстүрге айналған Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасы бұрынғыдай келесі үш пән бойынша өтеді: математика пәні (6-8 сыныптар), физика пәні (7-8 сыныптар) және информатика пәні (6-8 сыныптар).

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне мыналар жатады: математика, физика, информатика пәндеріне қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайларды жасау.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады: І кезең – интернет арқылы онлайн (осы кезеңде қатысушының жұмыс орнының бейне көрсетілімін қамтамасыз ету қажет), ал ІІ кезең Алматы қ. және Астана қ. РФММ негізінде қатысушының тікелей келіп қатысуымен өтеді. Әрбір кезең екі турдан өтетін болады.

I (онлайн) кезең:

1 тур: 8 сәуірден бастап 19 сәуірді қоса алғанда қатысушыларды тіркеу http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында өтеді.

Тур 21 сәуірде өтеді:

  • математика пәні бойынша сағат 09:00 бастап сағат 11:00 дейін;
  • физика пәні бойынша сағат 09:00 бастап сағат 11:00 дейін;
  • информатика пәні бойынша сағат 09:00 сағат 12:00 дейін.

2 тур: 22 сәуірден бастап 26 сәуірді қоса алғанда қосымша қатысушыларды тіркеу http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында өтетін болады. 1 турдың қатысушылары автоматты түрде 2 турға тіркелетін болады.

Тур 28 сәуірде өтеді.

  • математика пәні бойынша сағат 09:00 бастап сағат 11:00 дейін;
  • физика пәні бойынша сағат 9:00 бастап сағат 11:00 дейін;
  • информатика пәні бойынша сағат 09:00 сағат 12:00 дейін.

Қандай да бір себептермен олимпиаданың 1 онлайн турына қатыса алмаған оқушылар, тіркелу арқылы 2 онлайн турға қатыса алады.

І кезеңнің нәтижелері бойынша ІІ кезеңнің қатысушылары анықталады. Осы ретте І кезеңнің екі турының бірінің ең үздік нәтижесі есепке алынатын болады. ІІ кезеңнің қатысушылары http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында жарияланатын болады. XVIII Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының, Эйлер атындағы олимпиаданың қорытынды кезеңінің, «Бірлік формуласы/Үшінші мыңжылдық» олимпиадасының қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші (онлайн) кезеңге қатыспай, Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының екінші (тікелей қатысу) кезеңіне жіберіледі. Бұл оқушыларға http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында сканерден өткізілген диплом көшірмесін жүктеу арқылы тіркелу қажет!

II (тікелей қатысу) кезеңі:

ІІ кезеңге өткен қатысушылар 4 мамырда сағат 15:00 бастап сағат 18:30 дейін және 5 мамырда сағат 15:00 бастап сағат 18:30 дейін Алматы қ.  және Астана қ. РФММ негізінде өтетін ІІ кезеңге тікелей қатыса алады.

Қатысушы өзімен бірге келесі заттарды алып келу қажет: жазба құралдарын, 12 беттік тор көз дәптерді, қажет болса кішкене тамақ. Қатысушылар үш пәннің бірі бойынша онлайн турға қатыса алады. Сонымен қатар, тікелей қатысатын кезеңде да қатысушы тек БІР пәнді таңдауы тиіс.

Олимпиаданың қорытындылары жеке есепте шығарлады.

Апелляция 12 мамырда сағат 10:00 бастап сағат 13:00 дейін өтеді.

Марапаттау рәсімі 12 мамырда сағат 15:00 өтеді.

 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер олимпиаданың ІІ кезеңінің екі турының тапсырмаларын орындағаны үшін жинаған ұпайлардың саны бойынша анықталады. Олимпиадада ең үздік нәтижелер көрсеткен қатысушылар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Егер сұрақтарыңыз болса, келесі электронды пошталарға хат жазу арқылы оларды қоя аласыз: askhat.karim@fizmat.kz (Алматы) және olympiads@fizmat.kz (Астана).

Тіркеуге сілтеме: http://bit.do/ogzho

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…