20
May
19

Физмат мектеп қабырғасында 17 мамыр күні ардагер ұстаз Қалдыбаева Ғалия Шарафиқызының мерейтойы атап өтілді



Бүгін той – әз ғылымның әлемінде

Бүгін той – «Физмат» атты бақ елінде!

Бүгін той – Ғалия апай 80 жаста

Ғылымнан тапқан дауа, жан емін де!

80 жыл – гүл көктем мерекесі

80 жыл – өмірдің берекесі!

Әлі күнге жүректе жаңғырып тұр,

Сан ғасырға татитын өнегесі.

Қуаныштан шаттанар бақытты елің

Жан жүректен жыр-шумақ ағытты елің.

Ғалия апай, қабыл ал, сізге арнап

Той жасап жатыр бүгін шәкірттерің!,- деген жыр жолдарын арнаумен  басталған мектеп қабырғасында 17 мамыр күні ардагер ұстаз Қалдыбаева Ғалия Шарафиқызының мерейтойы атап өтілді. Ғалия Шарафиевна біздің мектептің іргетасы қаланған күннен бастап 2010 жылдарға дейін ерен еңбегімен математика пәнінің мұғалімі болып қана қоймай, тамаша сынып жетекшілігін және де көптеген қоғамдык жұмыстарды, әр жылдарда  кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметтерін атқарған Республикалық физика математика мектебіне жанашыр жандардың ішіндегі ерекше майталманы. Оған дәлел ретінде Қалдыбааева Ғалия апайдың еңбек жолына көз жүгіртсек болады:
<ul>
<li>қазіpгі жас буын үшін уақыт талабына сай оқулықтардың соавторы (Геометрия, 9, 7-сыныптар үшін) және қазақ тілінде геометрия пәнінен «Көпжақ қималары» тақырыбына диафильм шығарды;</li>
<li>газет, журнал беттерінде көптеген мақалалары жарияланып, Республика мұгалімдері үшін ашық сабақтар өткізді;</li>
<li>бірнеше жылдар мектептің ғылыми кiшi академиясын басқарып, Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі болды;</li>
<li>шалғай ауылдардың мұғалімдері мен оқушыларының қамын ойлап, республика көлемінде ең алғашқы периодикалық көмекші құрал ретінде «Репетитор – көмекші» журналының негізін қалап, бірнеше жылдар бойы бас құрастырушысы, редакторы қызметін атқарды</li>
</ul>
Әрине, Ғалия Шарафиқызының еңбегі елеусіз қалған жок, Қалдыбаева Ғ.Ш. оқушыларды халықаралық олимпиадаға дайындағаны үшін бірнеше рет Білім және ғылым министрлігінің Кұрмет грамотасымен және Президент Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды, бірнеше дүркін Ы. Алтынсарин медалімен, білім-ағарту ісінің үздігі төсбелгісімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағына бөленген, және де Советтер Одағының «Еңбек ардагері» медалінің иегері атанды. Білім және ғылым министрлігі ардагер ұстаздың өмір жолы мен еңбек жолын жоғары бағалап 80 жылдық мерейтойына «Еңбек ардагері» медалін тарту етті.

Қатайып ұшқан сізден қаншама көз,

Ұстазым, қажымаңыз, шаршамаңыз!
Қамқоршы әр шәкіртке анасындай

Болсақ деп сіздей ұстаз тамсанамыз.

Білім деп арай таңы атқан күліп,

Ұл-қыздан сан мың шәкірт аттандырып.

Таусылмас азық берген Ғалия апай

Жүреміз есімізде мақтан қылып,- деген жүрек толғаныстарын жиып келген 200 ден астам Ғалия апайдың әр жылғы түлектері өлең шумақтары мен тамаша әндерін құттықтау салтанатының сахына төрінен жолдады. Ғалия Шарафиқызынан кезінде дәріс алып, бүгінгі күні отыз жылдай математика пәнінен РФМШ қабырғасында сабақ беріп жүрген бірнеше түлектердің бар екендігін де атап өткен жөн. «Ақын жанды адам ғана математик бола алады»,- деген қағиданы ұстанған апайдың түлектерінің қазіргі шәкірттерінің бірі 11 сынып оқушысы Мақсатбек Сейтқұлов те өзінің мерейтой иесіне деген арнауын өлеңмен орындады.

Кештің қорытындысы ретінде Ғалия апай мектеп жанынан ашылған музейге өзінің еңбек жолында құнды орын алған методикалық оқу құралдары мен тарихи маңызды кітаптар мен оқулықтарды сыйға тарту етті. Сонымен қатар, жас мұғалімдер қауымына Ғалия апай өзінің ұстазы – ғалым математик, РФМШ мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі Аманов Төлеубай Идрисович айтып кеткен: «Сіздер елдің түкпір-түкпірінен жиналған штучный экземпляр – өте айрықша оқушылармен жұмыс істейтіндіктеріңді ешқашан ұмытпаңыздар, аса маңызды көзқараспен қараңыздар»,-  деген өсиетін жеткізді.

 

 

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

03
Jul
19

Алматы РФММ оқушылары 1С компаниясында тағылымдамадан өтті

Алматы РФММ «1С-САПА СЛАВА ВЦ» компаниялар тобының қолдауымен «Инфо Софт Пром» (1С Қазақстан) ЖШС-мен бірлесіп 9 сыныптардың оқушыларына халықаралық қатысумен ақылы тағылымдамадан өтудің…

24
Jun
19

«Балаларға арналған ғылым» жазғы мектебіне тестілеудің нәтижелері

20 маусымда РФММ негізінде ЖМУ МОҒО-мен бірлесіп 8-10 сыныптардың оқушыларына «Балаларға арналған ғылым» жазғы мектебіне алғашқы іріктеу тестілеуді өткізді. Естеріңізге салайық, «Балаларға арналған…

24
Jun
19

2019 жылдың JBMO нәтижелері

2019 жылдың 20 маусымынан бастап 25 маусымын қоса алғанда Кипрдағы Агрос қаласында юниорлар арасында XXIII Балқан математикалық олимпиадасы өтті. Қазақстанның командасы жалпы есепте…

14
Jun
19

Балаларға арналған білім

«Балаларға арналған білім» – бұл оқушылардың арасында ғылымды дәріптеуге бағытталған жазғы мектеп. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың ерекше формасына белсенді оқу және зияткерлік демалыс…

29
May
19

8 «Ж» сыныбының оқушысы Лата Каролина «Tre medio» командасының құрамында 1 орынды жеңіп алды

8 «Ж» сыныбының оқушысы Каролина Лата Санды Медицина күніне арналған байқауда «Tre medio» командасының құрамында 1 орынды жеңіп алды. Қыздар 50000 теңге мөлшерінде…

30
May
19

РФММ командасы BI Marathon 2019 қатысты

2019 жылдың 26 мамырында Алматы РФММ және Нұр-Сұлтан РФММ оқушыларынан, олардың ата-аналарынан, мұғалімдерінен және қызметкерлерінен құралған РФММ командасы «Физмат Эндаумент Қоры» ҚҚ қолдау…

29
May
19

РФММ-де 1С

Біздің Алматы РФММ-нің басқа білім беру мекемелерінен айырмашылығы үздіксіз оқытудың жаңа технологияларын іздеуінде және бүкіл білім беру үрдісі кезінде оқушыларды қолдау. Мектеп әкімшілігі…

29
May
19

8 «Ж» сыныбының оқушысы Лата Каролина «Tre medio» командасының құрамында 1 орынды жеңіп алды

8 «Ж» сыныбының оқушысы Каролина Лата Санды Медицина күніне арналған байқауда «Tre medio» командасының құрамында 1 орынды жеңіп алды. Қыздар 50000 теңге мөлшерінде…

29
May
19

Яндекс Лицейдің оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара

28 мамырда Яндекс Лицейдің оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға келесі құрметті қонақтар қатысты: Яндекстің өкілдері Яндекс Лицейдің директоры Марина Викторовна…

29
May
19

ҚБТУ 1 курсының «Calculus1» және «Сomputer science CSCI 1101 PP1» пәндері бойынша қабылдау емтихандарының нәтижелері

28 мамырда Яндекс Лицейдің оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті, Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Фуад Асланович Гаджиев және PhD…