17
Apr
18

2018 қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиаданың нәтижелері белгілі болды



Қазақстан екінші рет Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадаға (EGMO 2018) қатысып жатыр. Математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың қатысушылары арасында өткен іріктеу олимпиадаларынан кейін елдің атынан келесі 4 оқушы қатысатын болды: үшеуі РФММ оқушысы және біреуі Алматы қ. ФМБ НЗМ оқушысы.

EGMO 2018 өте көрікті және мәдени мұрасы мол Флоренция қаласында (Италия) өтті.

Ұшу оңай болған жоқ, екі рет ауысып отыру арқылы өтті. Қуанышқа орай, барлық рейстер уақытында болды, алайда бір ыңғайсыздық болды – бүкіл команданың жолжүгі жолда қалып қойды, ол келесі күні келді.

51 командадан 195 қатысушы болды, сондай-ақ олардың жетекшілері және ұйымдастырушылары қаланың тарихи орталығының жанындағы қонақүйде орналасты.

Ашылу Верди театрында өтті. Оны өткізу орны дәстүрлі емес ашылу салтанатына – театр қойылымына әкелді. Ресми сөздерден кейін ашылу сахнаға командалардың дәстүрлі шығуымен аяқталды.

Күннің екінші жартысында қатысушылар квест-ойын ойнады, сонымен бірге қала бойынша саяхат өтті.

Екі тур да екі күн бойы жергілікті жердің уақыты бойынша 4,5 сағаттан өтті, оның нәтижесінде оқушылар келесі балдарды және медальдарды алды:

Тегі, Аты Мектеп 1 2 3 4 5 6 Жиыны Марапат
1 Аманбаева Аружан РФММ, Алматы қ. 7 7 4 7 7 7 39 Алтын
2 Шынтай Алуа РФММ, Алматы қ. 7 2 3 5 7 2 26 Күміс
3 Катаева Асель РФММ, Алматы қ. 7 5 1 4 1 0 18 Қола
4 Джакибаева Акмарал Алматы қ. ФМБ НЗМ 7 1 0 4 2 0 14 Құрмет грамотасы

 

Үйлестіру (командалардың жетекшілері мен координаторлары арасында балдарды келісу үрдісі) уақытында қатысушылар Пиза және Лука қалаларына саяхатқа барды. Әрине олар Пизан мұнарасы жанында ұмытылмас фотосуреттер жасады.

Көріп отырғанымыздай біздің ел өткен жылдағыдай марапаттардың бүкіл жиынын алды. Және тағы да соңғы қатысушыға ренішті, себебі қола медалға дейін тек бір балл жетпей қалды.

Жалпы командалық бейресми есепте Қазақстан 11 орынды алды. Мұнда біз шамамен өткен жылғы нәтижені қайталадық, себебі команда 44 елдің арасында 8-10 орынға тұрды. Есептердің шарттарын және ұқсас нәтижелерді ресми сайтта табуға болады. Команданы және өз үлесін қосқан барлық адамдарды табысты нәтижелермен құттықтаймыз!

Қазақстан құрамасының қатысушылары, сондай-ақ ата-аналар мен ұстаздар РФММ Эндаумент қорын және «НЗМ» ДББҰ команданың іс-сапарын төлегені үшін алғыс білдіреді.

Ұмытылмас әсерлерден, қызықты және қиын есептерді шешіп көңіл көтеруден, медалдардан және марапаттардан, көрікті фотосуреттерден басқа қатысушылар жаңа достармен танысты. Келесі EGMO 2019 жылдың 7 сәуірінен бастап 13 сәуірін қоса алғанда Киев қаласында (Украина) өтеді.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

12
Jan
19

Халықаралық білім көрмесі

2019 жылдың 13 қаңтарында Республикалық физика-математика мектебінде (бұдан әрі – Физмат) ІІ Халықаралық білім көрмесі өтті. Осы жылы іс-шара Алматы қаласында өткен XV…

11
Jan
19

ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

2019 жылдың 10 қаңтарында Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті….

28
Dec
18

РФММ-де сенбілік өтті

28 желтоқсанда мектепте сенбілік өткізілді. Еңбекпен тәрбиелеу және мектепті тазалықта сақтау мақсаттарында демалыстардың және келе жатқан олимпиадалардың алдында барлық сынып оқушыларының күштерімен оқу…

28
Dec
18

РФММ-де Жаңа жыл!

27 желтоқсанда Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға арналған іс-шаралар өткізілді. Акт залында 7 «Д» және 7 «Е» сынып оқушыларынан құралған театр үйірмесі ағылшын…

14
Dec
18

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мұғалімдерді марапаттау шарасы өтті

14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және РФММ КеАҚ Басқарма Төрағасы Г. Қ….

12
Dec
18

Қазақстан қор биржасына саяхат

7 желтоқсанда сынып жетекшілері Е. А. Концова (9 «Д»), Г. К. Тастембекованың (9 «Е») тәрбие жоспарына сәйкес 9 «Д» сыныбының ата-аналары Г. Т….

11
Dec
18

9 сынып оқушыларының РФММ түлектерімен кездесуі

13 желтоқсанда 9 сынып оқушыларының келесі РФММ түлектерімен: 2013 жылдың түлегі, IOI қола жүлдегері, Халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын жүлдегері, ҚБТУ магистранты, ҚБТУ үздік…

11
Dec
18

Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауын өткізу туралы ақпарат

«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «РФММ» КеАҚ) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірге математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері…

11
Dec
18

РФММ ең үздік ұранына байқау

«РФММ 2029» жаңа стратегиясын әзірлеуге байланысты РФММ басшылығы барлық оқушыларды, қызметкерлерді, түлектерді және оқушылардың ата-аналарын РФММ ең үздік ұраны байқауына қатысуға шақырады. Ұранның…

11
Dec
18

РФММ-де «Жоспарлау. Тайм-менеджмент негіздері» тақырыбында тренинг түрінде сынып сағаты өтті

24 қарашада Е. А. Концова (9 «Д»), Г. К. Тастембекова (9 «Е») сынып жетекшілерінің және 9 «Е» сыныбының ата-аналарының (Н.Н. Макарова) тәрбие жоспарына сәйкес практикалық…