Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
07
Jun
18

Жазғы бағдарламада тегін білім алу үшін 100 грант бойынша оқушылар мен студенттерді қатысуға шақырамыз



Алматы қаласында 2018 жылдың 25 маусымынан бастап 11 тамызын қоса алғанда nFactorial Incubator жобасының 4-маусымы өтеді. Бұл кәсіби инженер-программисттерді дайындау және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуді тегін оқыту бойынша Қазақстандағы ең ұзақ және ең ірі жоба. 3 жыл ішінде nFactorial жобасынан 14 елден және 40 университеттен 300 астам түлек оқудан өтті.

nFactorial Incubator (n17r.com) жобасы – бұл жыл сайынғы бастама, дарындар фабрикасы. Жоғары сапалы ұялы қосымшалар әзірлеушілерінің нарығына дайындау бойынша белсенді 7 апталық бағдарлама. Бағдарламаның үздіксіз ұйымдастырушысы –  Zero To One Labs, ол Қазақстандағы ұялы қосымшаларды әзірлеудің жетекші студиясы болып табылады.

Бағдарлама бүкіл Қазақстаннан қатысушыларды: жұмыс істейтін кәсіби мамандарды, студенттерді және 15 жастан асқан оқушыларды қамтиды. Келесі іріктеу өлшемдері есепке алынады: қатысушының тесттен өтуі, жоғары сапалы жетістіктері, білімі, бағдарламалау тәжірибесі.

Жыл сайын жобаға қатысу үшін 1 000 астам сауалнама түседі, алайда тек 100 үздік әзірлеуші оқу гранттарын алады. Осылайша, барлық студенттер жылдан жылға толықтай тегін білім алады. Әрбір қатысушының мақсаты – 7 апта ішінде 10 000 рет жүктелген blockchain немесе machine learning қолданумен жасалған өзінің ұялы қосымшасын іске қосу болып табылады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін үздік қатысушыларға Қазақстанның жетекші компанияларында жұмыс жасау ұсынылатын болады. Барлық түлектер дерлік жетекші қазақстандық және шетелдік компанияларда жұмыс жасайды, сондай-ақ UCLA, Duke, UC Berkeley, KAIST және тағы сондай сияқты беделді жоғары оқу орындарында оқиды.

Осы жылы келесі екі білім беру бағдарламасы таңдауға ұсынылған:

1) iPhone арналған тума қосымшаларды әзірлеу: iOS;

2) iOS және Android арналған кросс-платформалық қосымшаларды әзірлеу.

Келесі екі мамандық таңдауға ұсынылады:

1) Blockchain — орталықтандырылмаған қосымша (DApps);

2) Machine Learning (NLP, Computer vision) — машиналық білім алу технологиясын қосымшамен біріктіру.

nFactorial Incubator 2018 жобасы — бұл бағдарламалық жасақтаманы (iOS, React Native) әзірлеуге,  Blockchain және ML қолданумен қосымшаны жасауға, пайдаланушылардың санын күрт өсіру үшін дизайн және маркетинг каналдарын қолдануға оқыту. Дүйсенбіден жұмаға дейін, күн сайын сағат 09:00 бастап 19:00 дейін терең, қарқынды оқыту түрінде 300+ жұмыс сағаты. Бағдарламаның соңында App Store және Play Market ұялы қосымшалар дүкенінде 100+ қосымшалар шығарылатын болады. Түлектердің кейбір қосымшаларымен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады: https://demoday.n17r.com, http://bit.ly/n17rios (App Store), http://bit.ly/n17randroid (Play Market).

 

nFactorial жобасы екі кезеңнен тұрады. Ұзақтығы 4 апта болатын бірінші кезеңде барлық қатысушылар (таңдалған бағытына байланысты) CS, IOS, React Native, Blockchain, ML, UI/UX негіздерінің және қосымшаларды алға жылжытудың  қарқынды курсын өтеді. Ұзақтығы 3 апта болатын екінші кезеңде әрбір қатысушы өзінің ұялы қосымшасын құрастырады және іске қосады.

Қазақстандық және шетелдік менторлардың командасы келесі 17 адамнан құралады: Facebook, Microsoft, YCombinator, Google, Check24, BMW, IBM компанияларында жұмыс тәжірибесі бар әзірлеушілер; әлемнің үздік жоғары оқу орындарының түлектері (Princeton University, Carnegie Mellon University, University of Oxford, Kepler University); бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалға қатысушылары; бағдарламалау, дизайн және маркетинг бойынша менторлар.

Апта сайын қонақ ретінде келетін бизнес және технологиялар алыптарының (Forbes тізімі), бағдарлама серіктестерінің, жетекші ұялы технологиялар саласындағы кәсіпкерлердің, әзірлеушілердің, дизайнерлердің және маркетологтардың дәрістері көзделген.

Инкубатордың мәресі ұялы қосымшалардың nFactorial Demo Day 2018 үлкен жыл сайынғы фестивалі болады, онда nFactorial түлектері инвесторлардан, мемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларынан, кәсіпкерлерден, рекрутерлерден, журналисттерден, профессорлардан, әзірлеушілерден және дизайнерлерден құралған үлкен қауымның алдына дайын ұялы қосымшаларды ұсынады.

«nFactorial бағдарламасының миссиясы ақпараттық технологиялар саласында Қазақстан Республикасының адамзат капиталын дамыту болып табылады. Біздің мақсатымыз – 10 000 программист дайындау, олар елдің экономикасына 1 млрд. АҚШ долларынан астам пайда әкеледі. Орта Азияда IT саласында кәсіби кадрларды дайындайтын және өңірде IT-аутсорсинг бойынша ең ірі орталықты құру», – деп атап өтеді бағдарлама ұйымдастырушысы Алмас Тұякбаев.

2015 жылы бағдарламаны Carnegie Mellon және Princeton түлектері, пікірлестер және жобаның негізін қалаушылар Алмас Тұякбаев және Арман Сүлейменов іске қосты.

«РФММ» КеАҚ 2017 жылғы «үздік түлегі» Сапар Ерсұлтан «nFactorial Demo Day!» 2017 байқауының қорытынды күнінің жеңімпазы болғанын атап өту қажет.

 

Нәтижелер сайтта жарияланған:
https://zerde.gov.kz/press/news/finalnyy-den-konkursa-nFactorial-Demo-Day/

Өтінімдер 17 маусымға дейін (қоса алғанда) келесі сайтта қабылданады: n17r.com

Ұйымдастыру комитеті: Жанар Аламанов 8 702 112 52 54, zhanara@021labs.com

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…

29
Feb
24

«Үздік сынып жетекші—2024» байқауы басталды

Алматы қаласындағы Республикалық физико-математика мектебінде әр жыл сайын өткізілетін «Үздік сынып жетекші—2024» байқауы басталды. Бұл байқау сынып жетекшілерді кәсіби тұрғыдан жетілдіру мен қызметінің…