27
May
19

Соңғы қоңырау



25 мамырда 2018-2019 оқу жылының аяқталуына және «Соңғы қоңырауға» арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Осы жылы екі шара ұйымдастырылды: 7-9 сыныптарға және 10-11 сыныптарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларды 10 «Г» сыныбы және олардың сынып жетекшісі У.С. Джумадуллаева ұйымдастырып өткізді.

Іс-шара кезінде бітіруші сыныптардың 202 оқушысынан, сынып жетекшілерінен, интернат тәрбиешілерінен құралған парад өтті. Көптеген түлектер дүние жүзінің әр түрлі университеттеріне қабылданды.

Ту шығарылғаннан кейін бүкіл мектеп әнұранды шырқады; мектеп директоры Алмас Мұхамбетұлы Кунгожин 2018-2019 оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты оқыды, РФММ КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, мектептің 1987 жылғы түлегі Берік Сералиұлы Қаниев және Директорлар кеңесінің мүшесі, Физмат Эндаумент Қорының басқарушысы Бахыт Насрадинұлы Оспанов құттықтау сөздерін айтып, бірнеше санаттарда жеңіске жеткен келесі мектеп ұстаздарына грамоталарды табыстады:

  • «2019 жылдың РФММ үздік мұғалімі»: Ахметова Галия Зейнуллаевна, Джумадуллаева Улдарай Сералиевна;
  • «2019 жылдың РФММ жас мұғалімі»: Сұлтанов Ескендір Маратұлы;
  • «2019 жылдың олимпиадалық резерв тренері»: Утешева Бакыткуль Жумагалиевна.

Дәстүр бойынша осы іс-шараларда мектептің үздік оқушылары «мектеп мақтанышы» белгісімен марапатталды. Барлығы 103 оқушы осы атаққа ие болды. Олардың арасында әр түрлі бағыттағы республикалық және халықаралық деңгей олимпиадаларының жүлдегерлері, оқу озаттары және белсенділері.

Мектеп оқушылары бірнеше музыкалық би нөмірлерін ұсынды, дәстүр бойынша бітіруші сыныптардың өкілдері сөз сөйледі және болашақ түлектерге «Білім кілті» символикалық белгісін тапсырды.

Алғаш рет түлектерге Республикалық физика-математика мектебін аяқтағаны туралы халықаралық үлгідегі дипломдар табысталды. Соңында түлектер мектеп вальсін билеп, өздерінің басты тілектері жазылған шарларды жіберді.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

03
Jul
19

Алматы РФММ оқушылары 1С компаниясында тағылымдамадан өтті

Алматы РФММ «1С-САПА СЛАВА ВЦ» компаниялар тобының қолдауымен «Инфо Софт Пром» (1С Қазақстан) ЖШС-мен бірлесіп 9 сыныптардың оқушыларына халықаралық қатысумен ақылы тағылымдамадан өтудің…

24
Jun
19

«Балаларға арналған ғылым» жазғы мектебіне тестілеудің нәтижелері

20 маусымда РФММ негізінде ЖМУ МОҒО-мен бірлесіп 8-10 сыныптардың оқушыларына «Балаларға арналған ғылым» жазғы мектебіне алғашқы іріктеу тестілеуді өткізді. Естеріңізге салайық, «Балаларға арналған…

24
Jun
19

2019 жылдың JBMO нәтижелері

2019 жылдың 20 маусымынан бастап 25 маусымын қоса алғанда Кипрдағы Агрос қаласында юниорлар арасында XXIII Балқан математикалық олимпиадасы өтті. Қазақстанның командасы жалпы есепте…

14
Jun
19

Балаларға арналған білім

«Балаларға арналған білім» – бұл оқушылардың арасында ғылымды дәріптеуге бағытталған жазғы мектеп. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың ерекше формасына белсенді оқу және зияткерлік демалыс…

29
May
19

8 «Ж» сыныбының оқушысы Лата Каролина «Tre medio» командасының құрамында 1 орынды жеңіп алды

8 «Ж» сыныбының оқушысы Каролина Лата Санды Медицина күніне арналған байқауда «Tre medio» командасының құрамында 1 орынды жеңіп алды. Қыздар 50000 теңге мөлшерінде…

30
May
19

РФММ командасы BI Marathon 2019 қатысты

2019 жылдың 26 мамырында Алматы РФММ және Нұр-Сұлтан РФММ оқушыларынан, олардың ата-аналарынан, мұғалімдерінен және қызметкерлерінен құралған РФММ командасы «Физмат Эндаумент Қоры» ҚҚ қолдау…

29
May
19

РФММ-де 1С

Біздің Алматы РФММ-нің басқа білім беру мекемелерінен айырмашылығы үздіксіз оқытудың жаңа технологияларын іздеуінде және бүкіл білім беру үрдісі кезінде оқушыларды қолдау. Мектеп әкімшілігі…

29
May
19

8 «Ж» сыныбының оқушысы Лата Каролина «Tre medio» командасының құрамында 1 орынды жеңіп алды

8 «Ж» сыныбының оқушысы Каролина Лата Санды Медицина күніне арналған байқауда «Tre medio» командасының құрамында 1 орынды жеңіп алды. Қыздар 50000 теңге мөлшерінде…

29
May
19

Яндекс Лицейдің оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара

28 мамырда Яндекс Лицейдің оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға келесі құрметті қонақтар қатысты: Яндекстің өкілдері Яндекс Лицейдің директоры Марина Викторовна…

29
May
19

ҚБТУ 1 курсының «Calculus1» және «Сomputer science CSCI 1101 PP1» пәндері бойынша қабылдау емтихандарының нәтижелері

28 мамырда Яндекс Лицейдің оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті, Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Фуад Асланович Гаджиев және PhD…