09
Feb
18

2018 қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадаға іріктеу



2017 жылы  «Аль-Фараби» орталығы «Дарын» РҒПО-ның келісуімен Цюрих қаласында қыздарға арналған VI Еуропалық математикалық олимпиадаға (EGMO)  іріктеуді және командаға ілесуді жүргізді.

Барша математикалық қоғамды, әсіресе қыздарды қуантқымыз келеді – Қазақтан кезекті рет Флоренцияда (Италия) өтетін 2018 EGMO қатысуға шақыру алды!

EGMO 2012 жылдан бастап жүргізіледі, алайда осыншама қысқа уақыт ішінде үлкен танымалдыққа ие болды және нақты айтқанда еуропа елдерінің шегінен шықты (оған мысалы АҚШ, Жапония, Үндістан, Иран, Мексика, Индонезия және басқа да елдерден қатысушылар қатысады). Ауқымы (2017 жылы 44 ел қатысты, олардан 33 еуропа елдері) және қойылған міндеттері бойынша оны еркін қыздарға арналған IMO деп атауға болады.

Қызық факт. Қазақстан 1992 жылдан бастап Халықаралық математикалық олимпиадаларға (IMO) қатысады. Жыл сайын әрбір команда 6 қатысушыдан құралады, алайда барлық осы уақыт ішінде тек екі қыз қатысты (2006 жылғы IMO РФММ және МТИ түлегі – Турмухаметова Айзана және 2016, 2017 жылғы IMO РФММ оқушысы – Аманбаева Аружан).

Қазақстан аумағының бір бөлігі Еуропада орналасқандығын ескере отырып, бізді еуропалық ел ретінде шақырды (бұл бізді ұйымдастырушылық жарнаны, тұру және тамақтану ақысын төлеуден босатады). 4 қатысушы және 2 жетекші үшін визаға, сақтандыруға және ұшуға жұмсалатын шығыстарды төлеу ғана қажет. Аталған қаржылық шығыстар және ұйымдастырушылық іс-шаралары ҚР Білім және ғылым министрлігінің бюджетіне және бағдарламасына енгізілмегендіктен, осы жылы «Дарын» РҒПО келісуімен «Аль-Фараби» олимпиадалық дайындау орталығы командаға іріктеуді және құрамаға ілесуді жүргізді.

Өтінімді берудің соңғы мерзімі – 2018 жылдың 1 наурызы болғандықтан, іріктеу 2018 жылдың 10 және 11 ақпанында Алматы және Астана қалаларының РФММ негізінде сағат 9.00 бастап сағат 13.00 дейін өтетін екі турдан құралады. Әрбір турда – 4 сағатқа арналған 3 есеп. Дәстүрлі тақырыптардан есептер: алгебра, геометрия, сандар теориясы, комбинаторика, әрбір бөлім бойынша кемінде бір есептен беріледі. Бір немесе екі күннен кейін “тай-брейк” болуы мүмкін, яғни қосымша турдың есептерін шешу тек бірдей ұпай жинап, шекараға түскендер үшін жүргізілуі мүмкін.

Алматы қаласында – іріктеу «РФММ» КеАҚ негізінде жүргізіледі (жауапты тұлға Кунгожин Алмас Мухамбетович, 8-701-766-38-64, kalmas@mail.ru).

Астана қаласында – «РФММ» КеАҚ филиалының негізінде (жауапты тұлға Мендигалиева Светлана Самигулиевна, 8-705-700-91-86, svet_men@mail.ru).

Команда тек 4 оқушыдан құралатындықтан, қатысушылардың саны шектеулі, іріктеуге 2017 жылдың математика пәні бойынша Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері; Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлері; Республикалық олимпиадаға шақырылған, жоғары ұпай жинаған 2018 жылдың облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары шақырылады.

Осы ретте егер демеушілік қолдау болмаса, команданың көлік шығыстары барлық қатысушылар арасында тең бөлінетіндігін назарға алу қажет. Жағдайды қолдана отырып, меценаттарды аталған іс-сапарды қолдауға шақырамыз. Құраманың мүшелері шыққан білім беру мекемелері, сондай-ақ демеушілерді іздеуге қосылады деп үміттенеміз.

«РФММ» КеАҚ, «НЗМ» ДББҰ, «Нұрорда» мектебіне, сондай-ақ жеке демеушіге Қазақстан командасына EGMO 2017 баруға мүмкіндік бергені үшін тағы да алғыс білдіргіміз келеді

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

12
Jan
19

Халықаралық білім көрмесі

2019 жылдың 13 қаңтарында Республикалық физика-математика мектебінде (бұдан әрі – Физмат) ІІ Халықаралық білім көрмесі өтті. Осы жылы іс-шара Алматы қаласында өткен XV…

11
Jan
19

ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

2019 жылдың 10 қаңтарында Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті….

28
Dec
18

РФММ-де сенбілік өтті

28 желтоқсанда мектепте сенбілік өткізілді. Еңбекпен тәрбиелеу және мектепті тазалықта сақтау мақсаттарында демалыстардың және келе жатқан олимпиадалардың алдында барлық сынып оқушыларының күштерімен оқу…

28
Dec
18

РФММ-де Жаңа жыл!

27 желтоқсанда Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға арналған іс-шаралар өткізілді. Акт залында 7 «Д» және 7 «Е» сынып оқушыларынан құралған театр үйірмесі ағылшын…

14
Dec
18

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мұғалімдерді марапаттау шарасы өтті

14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және РФММ КеАҚ Басқарма Төрағасы Г. Қ….

12
Dec
18

Қазақстан қор биржасына саяхат

7 желтоқсанда сынып жетекшілері Е. А. Концова (9 «Д»), Г. К. Тастембекованың (9 «Е») тәрбие жоспарына сәйкес 9 «Д» сыныбының ата-аналары Г. Т….

11
Dec
18

9 сынып оқушыларының РФММ түлектерімен кездесуі

13 желтоқсанда 9 сынып оқушыларының келесі РФММ түлектерімен: 2013 жылдың түлегі, IOI қола жүлдегері, Халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын жүлдегері, ҚБТУ магистранты, ҚБТУ үздік…

11
Dec
18

Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауын өткізу туралы ақпарат

«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «РФММ» КеАҚ) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірге математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері…

11
Dec
18

РФММ ең үздік ұранына байқау

«РФММ 2029» жаңа стратегиясын әзірлеуге байланысты РФММ басшылығы барлық оқушыларды, қызметкерлерді, түлектерді және оқушылардың ата-аналарын РФММ ең үздік ұраны байқауына қатысуға шақырады. Ұранның…

11
Dec
18

РФММ-де «Жоспарлау. Тайм-менеджмент негіздері» тақырыбында тренинг түрінде сынып сағаты өтті

24 қарашада Е. А. Концова (9 «Д»), Г. К. Тастембекова (9 «Е») сынып жетекшілерінің және 9 «Е» сыныбының ата-аналарының (Н.Н. Макарова) тәрбие жоспарына сәйкес практикалық…