Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
11
Dec
18

Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауын өткізу туралы ақпарат



«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «РФММ» КеАҚ) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірге математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауын өткізеді. Байқау дарынды, шығармашылық қызмет ететін мұғалімдерді және кәсіби біліктіліктерді оңтайлы меңгергендігін көрсететін олимпиада жаттықтырушыларын анықтауға, оларға қолдау көрсетуге, ынталандыруға бағытталған.

Байқау әрбір пән бойынша келесі екі лигада өтеді:

1) меншік нысанына қарамастан орта білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің мұғалімдері;

2) мектептердің және білім беру орталықтарының олимпиада жаттықтырушылары.

Апталық жүктемесі 18 сағаттан аз болатын, республикалық оқушылар олимпиадасының жүлдегерлерінің жетекшілері болып табылатын мұғалімдер бірінші лигаға қатыса алмайды.

Байқау Математика, физика мен информатика пәндері бойынша XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (2019 ж. 9-15 қаңтар) уақытында «РФММ» КеАҚ негізінде келесі кестеге сәйкес өтеді:

Математика, физика мен информатика пәндері бойынша XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы Күні Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауы
Келу 9.01
Олимпиаданың ашылуы 10.01 Келу

Тіркеу (09.00 – 15.00)

I тур 11.01 Тур (9.00 – 13.00)
II тур 12.01 Үйлестіру (12.00 – 15.00)

Сертификаттарды табыстау, семинарлар, жеңімпаздарды марапаттау (18.00-19.00)

Үйлестіру 13.01 Кету
Жабылуы 14.01
Кету 15.01

Байқауға облыстық білім мекемелері, сондай-ақ Алматы қ., Астана қ., Шымкент қ., НЗМ ДББҰ мен «РФММ» КеАҚ білім беру ұйымдары ұсынған мұғалімдер мен жаттықтырушылар қатысады, республиканың әрбір өңірі үшін квота – әр пәннен әр лига бойынша 1 адам (Алматы қ. үшін квота – 5 адам, қосымша білім беру орталықтары үшін – ұйымдастырушылық комитетпен келісім бойынша).

Жүлделі орындарды алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Қатысушылардың іс-сапар шығыстары, 15 000 теңге мөлшеріндегі ұйымдастырушылық жарна жіберуші тараптың есебінен төленеді (мемлекеттік меншік нысанындағы білім беру ұйымдарынан келген тек 1 лиганың қатысушылары ғана ұйымдастырушылық жарнаны төлеуден босатылады).

Қаржылық шығыстарды қысқарту мақсатында Байқауға қатысушыларды Математика, физика мен информатика пәндері бойынша XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысатын командалардың жетекшілері етіп тағайындау ұсынылады.

Байқауға қатысу ерікті болып табылады, әрбір қатысушыға жеке код беріледі, сол код бойынша қатысушы өзінің нәтижелерін біле алады. Байқаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне өңірлердің рейтингі ұсынылады.

Облыстық білім басқармалары, Алматы қ., Астана қ., Шымкент қ., НЗМ ДББҰ білім басқармалары жетекшілерінің қолы мен мөрі қойылған өтінімдерді (нысан бойынша) ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін келесі электронды мекен-жайға жолдауыңызды сұраймыз e-mail: gulnur.aubakirova@fizmat.kz, тел.: +7(705)118-02-91

«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

БСН 941240001210

050040, Алматы қ., Бұхар Жырау к-сі 36

тел. 8/727/395-01-84, 395-01-78

ЖСК KZ 146017131000052888

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БСК HSBKKZKX, Кбе 18

 

Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдерінің және жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауына қатысуға өтінім

Қатысушының Т.А.Ә

(Жеке куәлігі, төлқұжаты бойынша).

 

Мемлекет, аймақ

 

Жұмыс орны, лауазымы (пәнді көрсетумен)

 

2018-2019 оқу жылындағы апталық жүктемесі Педагогикалық өтілі Қатысушының байланыс телефондары, еmail Қатысушының лигасы
             

 

«Астана» халықаралық қонақ үйі
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050022, Байтұрсынов к-сі 113
Тел.: +7 (727) 250 70 50
Факс: +7 (727) 250 10 60
E-mail: info@astanainterhotel.kz

Қатысушылар үшін Astana International Hotel халықаралық қонақ үйі

Баға тізбесі бойынша:
1-орынды (стандарт) 22 000
2-орынды (стандарт) 26 000
3-орынды (люкс) 34 000

Жеңілдікпен
1-орынды (стандарт) 10 000
2-орынды (стандарт) 14 000
3-орынды (люкс) 21 000

Таңғы ас, сауна, бассейн және жаттығу залы кіреді

Garden Park Inn
Мекен-жайы: Байтұрсынов к-сі 137/139
Телефон: + 7 727 220 2002
Моб. Тел.; + 7 707 22222 17
E-mail: info@gardenparkinn.kz

Қосымша тіркелген файлдар

Положения твор. конкурса учителей и тренеров (доп)
Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

22
Mar
23

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің…

14
Mar
23

«Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

«Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Өткізу мерзімі: 2023ж. 27-29 сәуір аралығы Тіркеу аяқталатын күн: 22 Сәуір 2023ж. Ұйымдастырушы: Алматы қ. Республикалық физика-математика…

27
Feb
23

Central Asia First Championship

24-26 ақпан аралығында Астана қ. әл-Фараби атындығы оқушылар сарайында Central Asia First Championship – робототехника бойынша Халықаралық турнир өтті, оған Алматы РФММ-нің 4…

27
Feb
23

Fizmat Chess Open 2023

ПОЛОЖЕНИЕ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2023» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ. 1.1. Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области…

23
Feb
23

Мектеп мұғалімдері және қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс

21-ақпан күні мектебімізде Fizmat tennis club-ы және денешынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері және қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Жарысқа барлығы 20-дан астам…

17
Feb
23

Эйлер атындағы XV Олимпиаданың өңірлік кезеңінің нәтижелері

2023 жылдың 13 және 14 ақпанында Алматы РФММ базасында Эйлер атындағы XV Олимпиаданың өңірлік кезеңінің 1 және 2 турлары өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша…

14
Feb
23

Bukhar Zhyrau 36 оқушылар журналының редакциялық одағындағы оқушылар мектеп директоры А.М. Кунгожинмен кездесті.

Директор балаларға жұмыстары үшін алғыс айтып, алғыс хаттар табыс етті. Бүгінгі таңда журналдың екі саны шығарылды. Журналды құруға барлығы 30-ға жуық оқушы қатысты….

13
Feb
23

XIX Халықаралық Жәутіков Олимпиадасының жүлдегерлері

1-10 ақпан аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында XIX Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті, оған әлемнің 26 елінің өкілдері қатысты. Барлығы 487 медаль…