Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
25
Feb
22

ХVIII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы



2022 жылы 16-23 ақпан аралығында Алматы қаласында РФММ 50 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Республикалық физика-математика мектебі» базасында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVIII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиаданың бірегейлігі дәстүрлі түрде физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептер арасында бірден үш пән бойынша өткізілетіндігінде.

Биыл дәстүрлі олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Болгария, Грузия, Индонезия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина, Норвегия, Үндістан, Түркия, сондай-ақ Вьетнам сияқты әлемнің 21 елінен 1200-ге жуық оқушы, 146 команда қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Нұрлан Қаппаров, Адлет Имамбеков және Илья Сегалович атындағы арнайы сыйлықақылар табыс етілді.

Нұрлан  Каппаров атындағы сыйлықақыны ХЖО-2022 математикадан абсолютті чемпионы, Украина командасының мүшесі, «Kharkiv Junior Karazin University»оқушысы — Ihor Pylaiev алды. Адлет Имамбеков атындағы сыйлықақыны ХЖО-2022 физикадан абсолютті чемпионы, Ресей командасының мүшесі, Долгопрудный қ. П. Л. Капицы атындағы «Физтех-лицейдің» оқушысы — Вадим Ерин алды. Ал Илья Сегалович атындағы сыйлықақы ХЖО-2022 информатика бойынша абсолютті чемпионы, Ресей командасының мүшесі, Новосібір қаласындағы «Горностай» ББО оқушысы — Нагибин Всеволодқа бұйырды.

Олимпиадаға қатысқан әр қатысушыны және әр команданы құттықтаймыз және жақсы командалық жұмыс үшін алғыс айтамыз. Бұл өмірлеріңіздің соңына дейін сіздермен бірге болатын тәжірибе. Сіздер дайындық пен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, олимпиадада өз мектептеріңізді лайықты түрде көрсеттіңіздер.

Келесі ХЖО-да кездескенше!

 

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

08
Feb
23

Математика, Физика және Информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық Шығармашылық Байқауының – IMPACT Olympiad-2023 жабылуы

5 ақпанда Математика, Физика және Информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық Шығармашылық Байқауының – IMPACT Olympiad-2023 жабылуы өтті. Биыл дәстүрге…

04
Feb
23

атематика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы – IMPACT Olympiad

2023 жылы 3-5 ақпанда Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебі математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы…

03
Feb
23

Республикалық физика-математика мектебі ескі корпусын қайта жаңарту» жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеі конкурсын

  Алматы қаласы Құрылыс басқармасы Бұхар жырау бульвары, 36 үй мекенжайында орналасқан Алматы қаласындағы, Республикалық физика-математика мектебі ескі корпусын қайта жаңарту» жобалау-сметалық құжаттаманы…

01
Feb
23

ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы

2023 жылдың 1 ақпанында Алматы РФММ-інде математика, физика және информатика бойынша ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. Биылғы жылы дәстүрлі олимпиадаға әлемнің…

30
Jan
23

Встреча с пилотом Air Astana

25 января 2023г. в РФМШ Алматы в рамках профориентационной работы прошла встреча учащихся 7-11 классов с пилотом Air Astana Амиром Медиевым. Наш гость…

20
Dec
22

Fizmat Hackathon 2022

17-18 декабря в честь Дня Независимости РК под эгидой Казахстанской Федерации Клубов ЮНЕСКО в школе прошел Fizmat Hackathon 2022 по созданию решений и…

19
Dec
22

“Таланттарды даярлау зертханасы” атты Халықаралық олимпиадасында I-орын

2022 жылғы 10 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін Баку қаласында жасөспірімдер арасында жаратылыстану ғылымдары бойынша “Таланттарды даярлау зертханасы” атты Халықаралық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға аталған…

17
Dec
22

Үстел теннисінен іріктеу жарысы

5 – 9 желтоқсан арасында мектебімізде Теннис клубының президенті Рустамов Азизбек және көмекші Абдумуталипов Нұрсұлтан, оқушылар кенесінің спорт вице-министрі Болатбек Уалихан тарапынан ұйымдастырылған…

13
Dec
22

Fizmat Talks

Жұрт алдында сөйлеу дағдысы, бәрімізге керек болмаса да, оны игеру ешқашан да артық болмайды. 12 желтоқсан күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Fizmat…