FIZMAT ALUMNI CUP
14 тамызда Алматы РФММ-де мектеп түлектері арасында спартакиада өтті. Футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат бойынша жарыстарға 1974, 1984, 1985, 1995, 2004, 2006, 2008, 2009, 2010, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018 және 2020 жылдардың түлектері қатысты . Сонымен қатар, 3х3 баскетбол турнирінде 10 сынып оқушылары бой көрсетсе, волейбол турниріне мектеп қызметкерлерінің командасы белсене қатыстқан болатын.
Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Сондай-ақр, барлық жүлдегерлер мектептің 45 жылдығына орайластырылған “Үлкен үзіліс” кітабын сыйлыққа алды.
ФизМат түлектері арасындағы Спартакиада алғаш рет осындай форматта өткізіліп отыр. Келесі жылы – мектептің мерейтойлық жылына спартакиаданың кезекті өткізілуі жоспарланған. Бұл ФизМат қауымдастығының барлық ұрпақтарының жақсы дәстүріне айналады деп сенеміз.
Іс-шараның демеушілері мен серіктестеріне, атап айтқанда “Fizmat Endowment Fund” ҚҚ, Turan Water сауда маркасына, Jas Qyran Football Ortalygy, Pause сауда маркасына, “Дай доп” баскетболды қолдау қорына, сондай-ақ #81 мектеп әкімшілігіне берілген футбол алаңы үшін алғыс айтамыз.
Алматы РФММ қызметкерлеріне іс-шараны өткізуге көмектескені үшін, “Аяулы балапан” үйірмесінің еріктілеріне жәрмеңке ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ домбыра оркестрінің, ВИА, хор қатысушыларына және вокалдық орындаушыларға турнир кезінде концерт ұйымдастырғаны үшін жеке алғысымызды білдіреміз.
Іс-шараға қатысушылардың кері байланысы бойынша спорт мерекесі, достық мерекесі сәтті өтті деп сенімді түрде айта аламыз. Ал, музыкасыз және мерекелік палаусыз ешқандай мерекені елестету мүмкін еместігі анық…
Фотографии с мероприятия можно посмотреть по ссылке:
https://drive.google.com/drive/folders/1fMwHeVK7fZCiQ57T7QRUA6uuit3L67S1
Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:
Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»
РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и Республике Казахстан…
Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы
Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…
“Өрлеу” БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды
“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…
РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды
Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…
«Үздік сынып жетекші—2024» байқауы басталды
Алматы қаласындағы Республикалық физико-математика мектебінде әр жыл сайын өткізілетін «Үздік сынып жетекші—2024» байқауы басталды. Бұл байқау сынып жетекшілерді кәсіби тұрғыдан жетілдіру мен қызметінің…
РФММ ата-аналар комитетінің жиналысы өтті
6 ақпан күні Алматы қаласындағы Республикалық физико-математика мектебінің ата-аналар комитетінің жиналысы өтті. Жиналыста заңгер Токсеитова Гүлмира Назымбекқызы қатысушыларды физикалық күзет қызметтерін көрсету туралы…
Оқушылыр арасындағы жүзуден Азия ашық чемпионатынан 5 медаль
2-4 ақпан аралығында Таиландтың Бангкок қаласында мектеп оқушылары арасында су спортынан ашық Азия Чемпионаты өтті. 14 елден қатысушыларды жинаған бұл жарысқа 896 спортшы…
VI Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT олимпиадасы өтті
2024 жылы 8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласы РФММ филиалында математика, физика және информатика бойынша олимпиадалық резерв мұғалімдері мен жаттықтырушыларының арасында VI Халықаралық ашық…
ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында РФММ командалық есепте ІІІ орын және қоржынына 21 медаль иеленді
2024 жылғы 13 қаңтарда “Алматы театр” ғимаратында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті. Алматы қаласының Республикалық…
7 СЫНЫПҚА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ БОЙЫНША КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ТІРКЕУ АШЫЛДЫ
Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 7-сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау комиссиясы”…