Ең үздігін сүйікті мектебіме!
Ең үздігін сүйікті мектебіме!
Құрметті, оқырмандар! Сіздермен тағы да бір қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келіп отыр. РФММ мектебінде ең дарынды, әдепті және отан сүйгіш балалар оқитыны барлығына мәлім. Мұғалімдер, оқушылар және мектеп әкімшілігі – барлығымыз бір үлкен, әрі тату отбасымыз. Жанұяларда қалыптасқандай, отбасымызға тек жақсысын алып, бір-бірімізді шынайы қуантамыз. Міне, мектебімізге кезекті сыйлығын жасаған – 10 сынып оқушысы Исмайлов Богенбай. Ол үстел теннисіне арналған үстел тарту етті!
Бабаларымыз айтып кеткендей, жігітке жеті өнер де аз! Біздің оқушылар тек жаратылыстану ғылымдарын оқып қана қоймай, спортпен де шұғылданғанды ұнатады. Күнде, сабақтан кейін, олардың үстел теннисін ойнағанын байқауға болады. Ондаған ойын әуесқойларына мектепте тек бірнеше ғана үстел болды. Аз уақыт ойнау үшін, оқушылар өздерінің алтын уақытын жоғалтып, ұзақ кезекте тұратын.
Енді бізде бір артық үстел пайда болды. Осының арқасында мектебіміздің спортшылар саны көбейеді деп кәміл сенеміз. Себебі үстел теннисі икемділікті, жылдамдықты және күшті дамытып қана қоймай, стресспен күресуге көмектеседі.
Мектеп президенті сайлауына қатысып отырған Богенбайға сәттілік және сайлау қызықты әрі нәтижелі өтсін деп тілейміз Мектебімізге жасаған сыйлығы үшін Исмайлов Богенбай оқушымызға тағы да үлкен алғысымызды білдіреміз!
автор: Муратбекова Арайлым 10F
Вам также может быть интересно:
Математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының ІІІ Халықаралық ашық шығармашылық конкурс
“Республикалық физика-математика мектебі” коммерциялық емес акционерлік қоғамы және “Дарын” РҒПО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің…
Математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының IMPACT Olympiad ІІІ Халықаралық ашық шығармашылық конкурсы
Құрметті достар! “Республикалық физика-математика мектебі” коммерциялық емес акционерлік қоғамы және “Дарын” РҒПО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен математика, физика және информатика…
Тәуелсіздік – тұғырым
Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған “Тәуелсіздік – тұғырым” атты 10 “А” сынып оқушылары дайындаған мерекелік бейнеролик. https://youtu.be/IOoYN44jTlw
7, 8 және 9 сыныптар арасында шахматтан турнир
Қайырлы күн, физмат! Тәуелсіздік күніне орайластырылған 7, 8 және 9 сыныптар арасында шахматтан турнир ұйымдастырылатындығы туралы хабарлаймыз. Сайыс 15 желтоқсанда сағат 16: 00-де…
Book Club
Қайырлы күн, физмат! 🤩 💥 Менің керемет жаңалықтарым бар: 📚 Book Club мектеп кітапханасымен бірге ең белсенді қатысушыларға кітап сатып алу үшін әр…
Поздравляем с окончанием Яндекс Лицея!
26 ноября состоялось вручение сертификатов об окончании второго года обучения курса «Основы промышленного программирования» и первого года обучения курса «Основы программирования на языке…
Облыстық пән олимпиадасына мектеп ішілік іріктеу
Құрметті оқушылар! Желтоқсанның 5-13 аралығында облыстық пән олимпиадасына мектеп ішілік іріктеу болады. Әр оқушы тек бір пән бойынша іріктеуге қатыса алады. Облыстық олимпиада…
7-10 сыныптар арасында олимпиадалық резервте емес оқушыларға арналған программалаудан олимпиада
Информатика апталығы аясында 17-қараша күні 7-10 сыныптар арасында олимпиадалық резервте емес оқушыларға арналған программалаудан олимпиада ұйымдастырылды. Аталған іс-шара мектебіміздегі олимпиадалық резерв тренерлерінің қолдауымен…
Каникулдағы саябақ қамқоршылары
Бірсарынды жұмыс пен оқу уақытын өзгерту мақсатында каникулда, 10 қараша күні 9 «G» сыныбымызбен орталық демалыс саябағына барып экологиялық сенбілік жасап қайттық. Жас…
РФММ жас және жаңа мұғалімдеріне арналған семинар
05.11.2020-09.11.2020 жж РФММ КеАҚ “РФММ дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері”, жас мұғалімдерге арналған “Өзін-өзі қолдау әдістері” тақырыбында психологиялық-практикалық семинар өтті. Бұл тренингтің мақсаты…