11 “В”-мен өткен әсерлі жексенбі

11 В сынып оқушылары 4-қазан, жексенбі күні Аюсай сарқырамасына демалуға барып қайтты. Сынып жетекшісі, тәрбиеші, 30 оқушы және ата-аналардың басын қосқан саяхатымыз есте қаларлықтай болды. Әсіресе қашықтықтан оқу кезінде сағынысып қауышқан балалардың алған әсерлері керемет. Өлкеміздің сұлу, қарасаң көз тоймайтын бай табиғатын тамашалап, тәнті болдық. Сарқырамаға көтерілген кезде бір-бірін, тіпті ұстаздарын, басқа адамдарды да демеп, көмектесіп, әзіл-қалжыңы жарасқан топқа таңырқай, қызыға қараушылар да болды. Табиғат анамыз тамаша ауа райын сыйласа, біз бір-бірімізге жүрек жылуын сыйладық десек болады.
4-қазан ұстаздар мерекесі болғандықтан, оқушылар аяулы ұстаздарына жылы лебіздерін білдіріп, ерекше құттықтаулар жолдады.
Біздің сыныптың оқушыларын, ата-аналарын туған жер табиғатына қамқорлық ретінде РФММ ұжымы ұйымдастырып отырған «2000 емен ағашы» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырдық.
Мереке күні ерекше көңіл-күй сыйлаған оқушылар мен ата-аналарға көп рақмет айтып, мықты денсаулық тілейміз.
11 «В» сынып жетекшісі: Кишкеева Қ.С.
Тәрбиеші: Слямова А.Ш.
Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:
Математика, Физика және Информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық Шығармашылық Байқауының – IMPACT Olympiad-2023 жабылуы
5 ақпанда Математика, Физика және Информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық Шығармашылық Байқауының – IMPACT Olympiad-2023 жабылуы өтті. Биыл дәстүрге…
атематика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы – IMPACT Olympiad
2023 жылы 3-5 ақпанда Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебі математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы…
Республикалық физика-математика мектебі ескі корпусын қайта жаңарту» жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеі конкурсын
Алматы қаласы Құрылыс басқармасы Бұхар жырау бульвары, 36 үй мекенжайында орналасқан Алматы қаласындағы, Республикалық физика-математика мектебі ескі корпусын қайта жаңарту» жобалау-сметалық құжаттаманы…
ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы
2023 жылдың 1 ақпанында Алматы РФММ-інде математика, физика және информатика бойынша ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. Биылғы жылы дәстүрлі олимпиадаға әлемнің…
Встреча с пилотом Air Astana
25 января 2023г. в РФМШ Алматы в рамках профориентационной работы прошла встреча учащихся 7-11 классов с пилотом Air Astana Амиром Медиевым. Наш гость…
Fizmat Hackathon 2022
17-18 декабря в честь Дня Независимости РК под эгидой Казахстанской Федерации Клубов ЮНЕСКО в школе прошел Fizmat Hackathon 2022 по созданию решений и…
“Таланттарды даярлау зертханасы” атты Халықаралық олимпиадасында I-орын
2022 жылғы 10 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін Баку қаласында жасөспірімдер арасында жаратылыстану ғылымдары бойынша “Таланттарды даярлау зертханасы” атты Халықаралық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға аталған…
Үстел теннисінен іріктеу жарысы
5 – 9 желтоқсан арасында мектебімізде Теннис клубының президенті Рустамов Азизбек және көмекші Абдумуталипов Нұрсұлтан, оқушылар кенесінің спорт вице-министрі Болатбек Уалихан тарапынан ұйымдастырылған…
Fizmat Talks
Жұрт алдында сөйлеу дағдысы, бәрімізге керек болмаса да, оны игеру ешқашан да артық болмайды. 12 желтоқсан күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Fizmat…