Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
22
Feb
20

«Аудиокітапты тыңдай білудің өзі – миға керемет жаттығу…»



19.02.20 жылы Алматы РФММ интернатының кітапханасында F2F Guests жобасының кезекті қонағы – жас та болса ерекше қалыптасып үлгерген тұлға, сәулетші, ақын, зергер Даурен Баймурзинмен кездесу болды.

Алматыдағы бірнеше танымал және сәулетті ғимараттар жобасының авторы, Анкара қаласындағы Таяу Шығыс техникалық университетінде сәулетші мамандығы бойынша білім алған аз ғана санаулы қазақстандық түлектердің бірі Даурен ағалары жасөспірімдермен өз өмірі мен қазіргі атқаратын қызметі және өнері туралы шынайы әңгіме өрбітті. “Мен Ақтөбе қаласының тумасымын, мектепті 2008 жылы «Алтын белгімен» бітірдім, – деп бастады өмірдерегін ол – “Мектептің соңғы жылы қандай мамандыққа барамын деп ойландым, сол кезде мені гуманитарлық ғылым және техникалық бағыттағы салалар қызықтырды, сөйтіп, мен екеуін үйлестіретін мамандық іздедім, сәулетші болуға ұстазым кеңес берді. Университетке ҰБТ нәтижесімен қабылдандым. Шетелде оқу – өзіңе өзің жасаған алғашқы қатал сынақ. Себебі онда жаныңда моральдық және қаржылық жағынан дер кезінде қолдай қоятын ата-анаң болмайды. Алғаш мен онда бірден қомақты ақшамен бардым да, оны орынсыз жұмсап, тез тауысып алдым. Ол ата-анамның да білместігі еді. Ондай кезде бірге жүрген достарың ғана демеу болады. Ақшаны үнемдеуді қалтаң қағылғанда үйрене бастайсың. Бірінші семестрден кейін-ақ бәрін қалпына келтірдім.

Мықты сәулетші нормалар мен ережелерді сақтап, адамға өте ыңғайлы үй салады. Біздің елдегі сәулетшілердің екіге бөлініп жұмыс істейтіні мені таңғалдырды. Бірі – жоба жасайтын, олар үйдің бұрыштарын қалай бекітуді жақсы біледі, екіншісі – интерьер-дизайнерлер. Жоба жасайтын сәулетшілер эстетика мен әсемдіктің не екеніне мән бермейді, ал мен оқыған университетте ондай бөлу болған жоқ. Бізді әдемі әрі дұрыс жоба жасауға үйретті. Оқу күрделі болды. Барлық сабақ ағылшын тілінде өтті. Үш жыл Стамбулда жұмыс істедім. Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы Шалқия поселкесінен табылған мырыш кен орнының шахталық-құрылыс жобасының жетекші менеджерімін. Он бес күндік ауысыммен жұмыс істеймін. Үйге келген соң бір күн ұйықтаймын, содан соң әр күнімді, уақытымды тиімді пайдалануға жұмсаймын. Пәтерлер мен кеңселердің дизайнер-интерьерін жасаумен айналысамын. Менде де кейде барлық ісімді кейінге қалдыра беру әдеті болады. Ондай кезде ештеңеге үлгермеймін…Өкінішке орай, бізде тайм менеджментті үйретпейді. Уақытыңды тиімді пайдалансаң – сенде бәрі болады.

Менің дәнекерлеу жұмысына деген ынтам зергерлікке алып келді. Мен өз қолыммен өнер туындыларын жасауға қызығамын, зергерлікпен айналысқаныма екі жылдан асты. Өзімді аздап мақтап қойсам болады, мен жасаған әшекей бұйымдардан үшеуі қазір шетелге: Австрия, Америка, Түркияға сатылды. Зергерлік – ұқыптылық пен шыдамдылықты және ерік күшін қажет ететін қолөнер. Ал ақындыққа келетін болсам, сатиралық жанрда өлеңдер жазамын. Ол өте сирек және күлкілі жанр. Өлеңдерім мерзімді баспасөзде жарияланады және өзім де көпшілік алдында оқимын.

Біздің музыкалық аспаптарда ойнайтын азаматтардан құралған өз тобымыз бар. Олардың бәрі өмірде үлкен жетістіктерге жеткен адамдар. Мен ең жасымын. Гитарада ойнаймын. Онда домбыра, шаңқобыз, т.б. ұлттық аспаптар да бар. Бірақ негізі гитарада көп ойнаймыз. Аптасына, кейде айына бір рет демалыс күндері кездесіп тұрамыз. Өз әндеріміз бар.

Болашақта өзім қалаған белгілі бір маршруттармен әлемге саяхаттауды жоспарлап жүрмін. Мен сіздердің жастарыңызда өте көп оқыдым. Кітап оқу –жан дүниеңді рухани қуатқа, білімге толтырады. Аудиокітап оқу өте пайдалы. Оны тыңдай білудің өзі – миға керемет жаттығу. Ішкі жан-дүиең әдемі қалыптасқанда, сыртқы әлемнен өзіңе не керегін білесің. Мақсатың нақты айқындалады. Мақсатың айқын болғанда не жасау керек және неге қол жеткізетініңді де анық білесің».

Әрине, жас әрі өз ісінің білікті маманының оқушыларға айтқан танымдық білім аясындағы теориялық та, практикалық та кеңесі көп болды. Бұл кездесу өзінің зейінді тыңдаушыларына, сөз жоқ, өмірлік ғибратты сабақ сыйлады.

 

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…