Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
17
Jan
20

«Физтех» Олимпиадасы



Россотрудничество және Мәскеу физика-техникалық институты

Сіздерді физика мен математикадан «Физтех» 2020 Олимпиадаға

https://olymp-online.mipt.ru/ сайтында

қатысуға шақырады !

МФТИ туралы не білу керек?

Мәскеу физика-техникалық институты – іргелі және қолданбалы физика, математика, информатика, химия, биология, компьютерлік технологиялар сонымен қатар басқа да жаратылыстану  және нақты ғылымдар бойынша оқытатын алдыңғы қатарлы ғылыми орталық. 90 озық зертханаларда қартаю және жас аурулары, қолданбалы және іргелі физика, нанооптика, фотоника және т.б. мәселелерін зерттейтін әлемдік аты бар ғалымдар жұмыс істейді.

МФТИ түлектерінің арасында — Нобель лауреаттары Андрей Гейм және Константин Новоселов, ABBYYY компаниясының негізін қалаушы Давид Ян, Veam Software негізін қалаушы және президенті Ратмир Тимашев, Revolut компаниясының негізін қалаушы Николай Сторонский, РФ Президенті сыйлығының және Берлиндегі Falling Walls Халықаралық жас инноваторлар конкурсының лауреаты Максим Никитин, ғарышкерлер Александр Калери, Юрий Батурин және Александр Серебров.

«Физтех» олимпиадасы дегеніміз не?

“Физтех”  олимпиадасы – 30 жылдан астам 9-11 сынып оқушылары арасындағы өткізілетін олимпиада.

Жыл сайын Физтех олимпиадасының қорытынды кезеңінің шетел жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін Ресей Федерациясының Үкіметі мен Россотрудничество МФТИ-де және Ресей Федерациясының басқа да жетекші жоғары оқу орындарында тегін оқуға квота бөледі.

Олимпиадаға қалай қатысуға болады?

“Физтех” олимпиадасы математика мен физикадан бөлек екі кезеңде өтеді. Қорытынды кезеңге өту үшін әр пән бойынша іріктеу кезеңдерінің бірінде жеңімпаз немесе жүлдегер болу қажет.  9-11 сынып оқушылары 2019 ж. 15 қазан мен 2020 ж. 02 ақпан аралығында “Физтех” олимпиадасының іріктеу онлайн-кезеңіне қатыса алады. Іріктеу кезеңдері туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады olymp.mipt.ru/olympiad/stages.

Қорытынды (күндізгі) кезең Ресейдің көптеген қалаларында және жақын және алыс шетелдерде математикадан-22 ақпан, физикадан-23 ақпан күндері өтеді.

Қорытынды кезеңіне қатысу үшін міндетті түрде тіркеу процедурасынан олимпиаданың ресми сайтында olymp.mipt.ru 2020 жылдың 16 ақпаны сағат 23:59 (мәскеу уақыты бойынша) мерзіміне дейін өту қажет. Тіркеу қаңтар айының соңында-ақпан айының басында ашылады.

Тіркеу барысында өз деректерін көрсетіп, іріктеу кезеңдеріне қатысу нәтижесін растап, қатысу орнын таңдап және тіркеу нөмірі мен сауалнаманы алу қажет.

Назар аударыңыз! Тіркелу рәсімінен соңына дейін өтпеген оқушылар олимпиадаға қатысуға жіберілмейді.

Сәттілік тілейміз!

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…