Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

Физмат оқушысының кодексі

Мектептің әр оқушысы мыналарды орындауға міндеттенеді:

  1. Отанды сүюге және Қазақстанның барлық халықтарына, олардың тарихына, дәстүрлеріне, тілдеріне, ұлттық абыройына және ар-намысына құрметпен қарауға;
  2. Өз елін мақтан тұтуға;
  3. Өз халқының туған тілін және мәдениетін сүюге;
  4. Қазақ халқына құрметпен қарау және қазақ мемлекетінің қалыптасуы және дамуы жолындағы оның рөлін түсіну;
  5. Дінге шыдамдылықпен қарауға, адамның ұлттық және конфессионалдық қатыстылығына, адамдардың этномәдени және діни сауалдарына ықыласты қарауға;
  6. Жалпы адами құндылықтарға құрметпен қарауға;
  7. Тұрақты түрде дербес оқуға, өз білімін құрастыруға, ақпараттық кеңістікте бейімделуге, сыни ойлауды дамытуға;
  8. Құқықтық және қаржылық сауаттылықты нығайтуға;
  9. Өз мұғалімдерін және құрдастарын құрметтеуге;
  10. Өзінің іс-әрекеттері, академиялық үлгерімділігі үшін толық жауапкершілікті тартуға және түсінуге;
  11. Өзінің мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне сәйкес мектепті республикалық және халықаралық олимпиадаларда, байқауларда, сайыстарда лайықты көрсетуге.