Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

Қосымша білім беру

Мектепте ағылшын тілі бойынша қосымша дайындық курстары әрекет етеді. Мектеп шеңберінде көрсетілген сабақтарды өткізудің артықшылықтары «РФММ» КеАҚ оқушылары үшін арнайы жеңілдікті бағалар және курстарға тікелей мектепте бару мүмкіндігі болып табылады, бұл әсіресе интернатта тұратын балалар үшін маңызды. Курстарды Алматы қаласының үздік тіл мектептері өткізеді.

Әрбір оқу жылында сондай-ақ түрлі тілдік және IELTS, SAT сияқты пәндік тесттерді тапсыруға дайындау бойынша топтар құрылады.