Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

Қауіпсіздік

Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын нысандардың лаңкестікке қарсы қорғаныс жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес нысанның инженерлік-техникалық жабдықталуы және лаңкестікке қарсы қорғанысы туралы жалпы ақпарат және мәліметтер

Алматы қ., Бұхар жырау бульвары, 36 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

«РФММ» КеАҚ аумағының бүкіл периметрі бойынша қоршау және күзет жабдығы орналасқан.

Күзет қызметтерін «Delta-S Security» ЖШС ұсынады, 01.11.2015ж. № НАО/07 шарты, 14.05.2015ж. № 14006464 лицензиясы. Күзет ұйымы қызметкерлерінің саны жеті және екі жұмыс кестесінде – күндізгі және тәулік бойы ауысымдарда жұмыс істейді.

Лаңкестікке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету талаптарына сәйкес 88 бейнекамера орнатылған, мұрағатты 30 тәулікке дейін сақтаумен бейнематериалдарды сақтайтын сервер бар, сондай-ақ мектеп периметрі бойынша саны 20 дана қуатты жарық түсіретін жарықтандыру орнатылған.

Оқу корпусында кіру және шығу (соның ішінде қосалқы және апаттық) есіктерінің саны – 11, ұйықтайтын корпуста – 4.

Әрбір қабатта «КІРУ/ШЫҒУ» белгілері, сондай-ақ көшіру жоспары және әрбір корпус (қабат) үшін ғимараттардың инженерлік коммуникацияларының сызбалары бар.