Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

Тұру/Тамақтану

Басқа қаладан келген балалар үшін жатақхана-интернатта орын беріледі

Оқушыларға қажетті құжаттар төменде көрсетілген:

  • ата-аналардың және оқушының мекенжай анықтамасы;
  • № 086 У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • эпидемиологиялық ортасы туралы анықтама.

Жатақханаға орналасу кезінде қажетті заттар төменде көрсетілген:

  • қою көк түсті мектеп формасы, ақ жейде немесе жағасы бар блузка (ауыспалы жиынтық);
  • үй тәпішкесі және душқа арналған резеңке-шәркей;
  • спорттық киім (асты қою көк үсті ақ, кедалар, кроссовкалар);
  • ауыспалы киім жиынтығы;
  • жеке гигиена құралдары (тіс щеткасы, сабын, жөке және т.б.);
  • мектеп керек-жарақтары;
  • маусымдық киім жиынтығы (күзгі, қысқы).

Ескертпе:

Жыл сайын 31 тамызда акт залында сағат 12:00 әкімшіліктің қатысуымен интернат түлектері және олардың ата-аналары үшін жиналыс өткізіледі.

Жатақханада тұру туралы шартты құру үшін міндетті түрде ата-аналар немесе туыстар (нотариалды куәландырылған сенімхат талап етіледі) қатысуы тиіс.

Қосымша сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 87078237465, 8(727)394 99 75

Тамақтану

Мектепте санитарлық нормаларға сәйкес әзірленген 3 реттік ыстық тамақты (таңғы ас, түскі ас және кешкі ас) беретін асхана қызмет етеді. Тамақтану үшін төлем ата-аналардың есебінен жүргізіледі. Асхана сондай-ақ ішкі іріктеу критерийлеріне сәйкес көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін тегін тамақтануды ұсынады.