Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

Қабылдау ережелері

«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қабылдау туралы ақпарат

2017-2018 оқу жылына қазақ және орыс тілдерінде оқытумен, математика мен физикаға қабілеті бар 8, 9 және 10 сыныптардың оқушыларын қабылдау жүзеге асырылады. Қабылдау байқау негізінде жүргізіледі. Байқау келесі 4 ағым бойынша бөлек өткізіледі: қазақ бөлімі қала; қазақ бөлімі интернат; орыс бөлімі қала; орыс бөлімі интернат. Қабылдау комиссиясы 4 ағымның әрбір ағымы бойынша қабылдануға өту балдарын қабылдау және байқау жоспарын ескере отырып бөлек белгілейді.

«РФММ» КеАҚ қабылдау ережелеріне сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық оқушылар олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері сұхбаттасудан кейін байқаудан тыс қабылданады.

Жыл сайын мамырдың басында «РФММ» КеАҚ-да өтетін математика, физика және информатика пәндері бойынша ашық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары (1 орын) сұхбаттасудан кейін байқаудан тыс қабылданады.

8-10 сыныптарда оқу үшін үміткерлердің байқаулық іріктеуін өткізудің кестесі.

Өтетін күні Сыныптар Пәндер Ұзақтығы Нысаны Басталуы
2017ж.

13 маусым

8 Математика

Физика

Ағылшын тілі

90 мин. Тестілеу 9:00
60 мин.
30 мин
2017ж.

14 маусым

9-10 Математика

Физика

Ағылшын тілі

90 мин. Тестілеу 9:00
60 мин.
30 мин.
2017ж.

15 маусым

8-10 Апелляция 9:00
2017 жылдың 16 маусымында сағат 11:00 8 сыныптарға қабылдау өтеді,

ал сағат 12:00 9-10 сыныптарға қабылдау өтеді

Байқау іріктеуінің нәтижелері мектептің fizmat.kz сайтында жарияланады

 

Ескертпе: пәндер бойынша емтихандар арасында үзіліс көзделген. 

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00 бастап сағат 18.00 дейін үзіліссіз, сенбіде сағат 10.00 бастап сағат 13.00 дейін.

Құжаттарды қабылдау 2017 жылдың 1 маусымынан бастап 2017 жылдың 11 маусымын қоса алған мерзімге дейін жүзеге асырылады:

Қажетті құжаттардың тізбесі:

  • байқауға қатысуға ата-аналардың (немесе олардың заңды өкілдерінің) өтініші; скачать образец заявления;
  • туу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • 086-У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (бұл баланың күшейтілген оқу жүктемесіне шыдайтынын растайды);
  • 3х4 өлшемдегі фотосурет (2 дана);
  • тұратын орнынан мекен-жай анықтамасы.

Құжаттар қағаз және электронды түрде қабылданады. Қағаз түрінде ресімделген жағдайда, барлық жоғарыда көрсетілген құжаттар бір файлға салынуы тиіс, ал электронды түрде ресімделген жағдайда, талап етілген құжаттар сканерден өткізіліп fizmatpriyem@gmail.com электронды мекен-жайына жіберілуі тиіс.

Емтиханға кірген кезде өзімен бірге келесі заттарды алу қажет: құжаттарды тапсырған кезде қабылдау комиссиясы берген фотосурет жапсырылған рұқсатнама, көк сиясы бар шарлы қалам.

Емтихан кезінде үміткерлерге мыналарды пайдалануға: анықтамалық материалдарды және шпаргалкаларды, ұялы телефондарды пайдалануға, дәрісханаға калькуляторларды, пеналдарды, түзетуші сұйықтықты, қараламаларды және электронды құрылғыларды алып кіруге тыйым салынады. Емтихан өткізу кезінде үміткерде тыйым салынған құралдар табылған жағдайда, үміткер дәрісханадан шығарылады және тестілеу нәтижелері күшін жояды.

«РФММ» КеАҚ түскен басқа қаладан келген оқушыларға интернатта орын беріледі. Оқыту – тегін.

Мекен-жайы: Алматы қ., «РФММ» КеАҚ, Бұхар жырау бульвары, 36.

Байланыс телефондары: 8(727) 395—01—85, 8(727)395—01—77.