г. Алматы, Бостандыкский район, Бульвар Бухар Жырау 36 Картада

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА- МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«Республикалық Физика-Математика Мектебі» (РФММ) 1972 жылдың 16 қазанында Кеңес Одағының ірі университеттері жанындағы физика-математика мектеп-интернаттарына ұқсатып негізі қаланған еді.

Бүгінде РФММ — бұл:

Высокие вступительные баллы в вузы (ЕНТ)

Рейтинг по поступлению в топовые вузы РК

Победы на республиканских и международных олимпиадах

Наличие физико- математической базы у учеников

Количество призеров на международных олимпиадах

Готовность к обучению в топ вузах мира

Вовлеченность в международные проекты

Наличие высококвалифи-цированных преподавателей и современной инфраструктурной базы в школе

Финансовая устойчивость и эффективное управление

Поддержка выпускников, направленная на развитие школы

РФММ басты мақсаты Қазақстанның барлық өңірлерінен дарынды балаларды іріктеу және одан әрі дамыту, елдің зияткерлік элитасын қалыптастыру болып табылады. Көптеген түлектер ерекше корпоративті мәдениетімен көзге түсетін беделді саясаткерлерге, болашағы зор ғалымдарға және өз саласында жаңалық ашушы іскер бизнесмендерге айналды. РФММ түлектері К. Масимов, Т. Кулибаев, К. Келимбетов, Б. Султанов, Н. Каппаров, Е. Досаев, К. Кожамжаров, Е. Сагадиев, Б. Каниев, В. Ким, Д. Еренчинов, И.Сегалович, А. Волож (Yandex), Е. Калиев, Т. Ахсамбиев, А. Тенгебаев, С. Нургисаев, М. Абдрахманов, А.Султангазин, А. Пак, А. Сыргабаев, А. Таспихов, Асқар және Ануар Джумадильдаевтар, Ф. Куанганов, И. Бейсембетов, А. Кусаинов, Н. Темирбеков, У. Абдибеков, У. Умирбаев, А. Жумагулов және басқалары болып табылады.

Мектеп тарихы

  • 1972

    «Республикалық Физика-Математика Мектебін» (РФММ) ашу туралы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1972 жылғы 16 қазандағы №555 Қаулысы;

  • 1990

    Республикалық Физика-Математика Мектебіне О.Жәутіковтың атын беру туралы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 14 ақпандағы №55 Қаулысы;

  • 2015

    «О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 358 Қаулысына сәйкес РФММ «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды.

  • 2016

    «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №25 Қаулысына сәйкес РФММ акцияларының 50% «Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының меншігіне берілді;

  • 2016

    2016ж. 28 шілдеде РФММ Астана қаласында мектепті ашты: Астана қаласы, Түркістан көшесі 2/1.

Түлектер:

Біздің түлектер келесі әлемдік және отандық ЖОО-на түседі:

Harvard, MIT, Yale, Princeton, Berkley, Oxford, Cambridge, Warwick, Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атынд. КазҰУ, ҚБТУ, Қ. Сәтпаев атынд. ҚазҰТУ, ММУ,

Н.Э. Бауман атынд. ММТУ, МФТИ, ММХҚИ және т.б. Осылайша соңғы он жылда РФММ түлектері келесі әлемдік жетекші университеттерге түсті;

Қазақстан — Назарбаев Университеті (90 астам түлек), ҚБТУ, Әл-Фараби атынд. КазҰУ, АЭБУ, Л. Гумилев атынд. ЕҰУ, ХАТУ, KIMEP, СДУ, Қ.Сәтпаев атынд. ҚазҰТУ, ММУ (Астана қ. филиалы) және басқалары;

АҚШ — 150 түлек, MIT (4), John F. Kennedy Harvard School of Government (1), Yale University (1), Princeton University (2), Berkley (6), University of Pennsylvania (1), Purdue University (10), Michigan University (4), California University, Northeastern University (3), Carnegie Mellon University (3), Rochester University (3), Pennsylvania State University (6) және басқалар;

Ұлыбритания — 140 түлек, Oxford University (2), Cambridge University (2), London Imperial college (5), Manchester University (3), Warwick University (5), Concord college (1), London Royal Holloway University (2), Essex University (3) London university-college (4) және басқалар;

ҚХР — 42 түлек, Beijing State University (3), Nanjing University of Science and Technology (9), Fudan University (5), Shanghai University (8) және басқалар;

Ресей — 245 түлек, ММУ (84), Н.Э. Бауман атынд. ММТУ (21), МФТИ (13), СПбМУ (9), МИФИ (22), ФҚҚ академиясы (6), ММХҚИ (4) және басқалар;

Сондай-ақ біздің түлектер Канада (32), Чехия (30), Малайзия (21), Сингапур (14), Корея (12), БАӘ (6), Франция (4), Гонконг (3) сияқты елдердің ЖОО-на түсті.