10
Apr
18

XVIII ашық қалалық Жәутіков Олимпиадасы



Құрметті олимпиадалардың әуесқойлары! Дәстүрлі болып отыратын Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасы келесі үш пән бойынша өтеді: математика (6-9 сынып), физика (7-8 сынып) және информатика (6-8 сынып).

Олимпиаданы ұйымдастырушы «РФММ» КеАҚ болып табылады.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері математикамен қызығатын оқушыларды анықтау, оларда шығармашылық қабілеттерді және ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті шарттарды құру болып табылады.

Олимпиада екі кезең бойынша өтеді: І кезең – ғаламтор арқылы онлайн, ал ІІ кезең Алматы және Астана қалаларында орналасқан «РФММ» КеАҚ негізінде оқушылардың жеке қатысуы арқылы өтеді. Әрбір кезең екі тур бойынша өтеді.

I кезең (онлайн):

1 тур: 10 сәуірден бастап 21 сәуірді қоса алғанда келесі сілтеме арқылы http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында қатысушыларды тіркеу. Тур 22 сәуірде өтеді:

  • математика сағат 09:00 бастап сағат 11:00 дейін;
  • физика сағат 12:00 бастап сағат 14:00 дейін;
  • информатика сағат 15:00 бастап сағат 17:00 дейін.

2 тур: 23 сәуірден бастап 28 сәуірді қоса алғанда келесі сілтеме бойынша http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында қосымша қатысушыларды тіркеу. 1 турдың қатысушылары автоматты түрде 2 турға тіркелетін болады. Тур 29 сәуірде өтеді: 

  • математика сағат 09:00 бастап сағат 11:00 дейін;
  • физика сағат 12:00 бастап сағат 14:00 дейін;
  • информатика сағат 15:00 бастап сағат 17:00 дейін.

Қандай да бір себептер бойынша олимпиаданың 1 онлайн турына қатыса алмаған оқушылар 2 онлайн турға тіркеліп қатыса алады. 

І кезеңнің нәтижелері бойынша ІІ кезеңнің қатысушылары анықталады. Осы ретте екі турдың немесе тек екінші турдың нәтижелері ғана есепке алынатын болады. ІІ кезеңнің қатысушылары http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында жарияланатын болады. XVII Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының, Эйлер атындағы олимпиаданың қорытынды кезеңінің, «Бірлік формуласы/Үшінші мыңжылдық» олимпиадасының қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері І (онлайн) кезеңге қатыспай-ақ, екінші (жеке қатысу) кезеңіне жіберіледі. Осындай оқушылар http://olympiads.fizmat.kz/ сайтына сканерден өткізілген дипломның көшірмесін жүктеу арқылы тіркелуі қажет!

ІІ кезең (жеке қатысу):

ІІ кезеңнен өткен қатысушылар 5 мамырда сағат 14:00 бастап сағат 17:30 дейін және 6 мамырда сағат 09:00 бастап сағат 12:00 дейін Алматы және Астана қалаларында «РФММ» КеАҚ негізінде көзбе-көз жеке турға қатысады.

Қатысушылар өзімен бірге келесі заттарды иеленуі тиіс: жазба құралдарын, 12 беттік тор көз дәптерді, қажет болса шағын тағамды. Қатысушылар барлық үш пән бойынша онлайн турларға қатысуы мүмкін.

Алайда жеке қатысатын турда қатысушы тек БІР пәнді ғана таңдау қажет.

Олимпиаданың қорытындылары жеке есепте көрсетіледі.

Аппелляция 11 мамырда сағат 15:00 бастап сағат 17:00 дейін өтеді.

Марапаттау 12 мамырда сағат 15:00 өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер олимпиаданың ІІ кезеңінің екі турында шешілген тапсырмаларда жиналған балдардың сомасы бойынша анықталатын болады. Олимпиадада ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар I, II және III дипломдармен марапатталады.

XVIII Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының І дәрежелі дипломының иегерлері, 6-7 сынып оқушылары «РФММ» КеАҚ-ға қабылдау емтихандарынсыз қабылданатын болады.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

16
Oct
18

ҮАК сенбілігі

13.10.2018 ж. «РФММ» КеАҚ Басқарма Төрағасының және Алматыдағы мектептің директорының қолдауымен «Аяулы Балапан» қайырымдылық үйірмесінің еріктілері Үлкен Алматы көлінде сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шара…

16
Oct
18

«English opens doors» ағылшын тілі аптасы

Елбасы тапсырмасының негізінде әзірленген «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «РФММ» КеАҚ-да бірқатар тақырыптық іс-шаралар…

04
Oct
18

“Мейрім” мейірбике үйінде концерт

3 қазанда «Аяулы Балапан» үйірмесінің еріктілері «Жаңалық жаршысы», «100 ән» үйірмелерімен бірге “Мейрім” мейірбике үйінде қарт адамдардың халықаралық күніне арналған «Алтын жасты мадақтаймыз»…

12
Oct
18

Физмат Гонконг университеттерімен ынтымақтастықты нығайтады

9 қазанда біздің мектеп Гонконг қаласының университеттерінен қонақтарды қарсы алды. Келесі  4 Гонконг универсеттерінің өкілдері – Chinese University of Hong Kong, Lignan University,…

14
Oct
18

Мәңгі есімізде

Республикалық физика-математика мектеп ұжымы математика пәнінің мұғалімі Саяқова Бибігүл Мұратбекқызының мезгілсіз қаза табуына байланысты жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Бибігүл Мұратбекқызы РФММ-де…

12
Oct
18

РФММ қабырғаларында мектеп түлегі Мөлдір Мекенбаевамен кездесу өтті

Бүгін РФММ қабырғаларында Мөлдір Мекенбаевамен кездесу өтті, ол біздің мектепті алтын медальге бітірді, қазір «Computer science» мамандығы бойынша Назарбаев университетінің 2 курсында оқиды….

11
Oct
18

Оқушылардың Жалпы сібір ашық олимпиадасы (ОЖСАО)

14 қазанда сағат 10:00 Биология пәні бойынша жалпы сібір ашық олимпиадасы өтетінін ескертеміз.  Алматы қаласында барлық пәндер бойынша ОЖСАО өткізудің алаңы Алматы қаласындағы…

11
Oct
18

Алматы қ. бойынша қалалар жарысының бастапқы нұсқаның нәтижелері

7 қазанда Алматы қаласында XL Қалалар жарысының күзгі турының бастапқы нұсқасы өтті. Жалпы алғанда Алматы қ. бойынша шамамен 450 оқушы қатысты. Қорытынды коэффицентті…

11
Oct
18

12 қазанда РФММ түлегі Мөлдір Мекембаевамен кездесу өтеді

12 қазанда мектептің акт залында сағат 14:00 бастап сағат 15:00 дейін РФММ түлегі Мөлдір Мекембаевамен кездесу өтеді. Мөлдір біздің мектепті алтын медальге бітірді,…

08
Oct
18

7 «Д» сыныбының оқушылары сынып жетекшілерімен бірге «Орман ертегісі» демалыс орталығына барды

8 қазанда 7 «Д» сыныбының оқушылары сынып жетекшісі М.С. Жұматаевамен, ата-аналармен және басқа да отбасы мүшелерімен бірге «Орман ертегісі» демалыс орталығына барып қайтты….