Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
07
Nov
18

Оқушылар арасында информатика пәнінен X Еуразиялық олимпиада



ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы сіздердің назарларыңызға келесі мәліметтерді хабардар етеді. Білім беру саласындағы үкімет аралық келісімдердің, сондай-ақ Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика мен оптика зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы шарттың негізінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылар арасында информатика пәнінен X Еуразиялық олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық біліктілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту, есептеу ғылымдары, компьютерлік үлгілеу мен ақпараттық технологиялар саласында ең дарынды жастарды анықтау.

Олимпиада екі турдан – іріктеу және қорытынды турлардан өтеді.

Іріктеу интернет-тур 28 қазанда өтті, турдың ұзақтығы 5 сағатты құрады. Командалар аккредитациядан өткен мұғалімнің бақылауымен қатысты.

Сіздердің назарларыңызға іріктеудің ақырғы қорытындыларын ұсынамыз.
http://neerc.ifmo.ru/school/archive/2018-2019/ru-olymp-team-internet-2018-standings-asia.html

Олимпиаданың қорытынды турына 5 және одан жоғары ұпай жинаған 61 команда (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) шақырылады. Қорытынды тур 2018 жылдың 8-9 желтоқсаны аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернет-орталығының негізінде өтетін болады.

Олимпиаданың қорытынды турын өткізу туралы қосымша ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасатын болады.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

“Өрлеу” БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…

29
Feb
24

«Үздік сынып жетекші—2024» байқауы басталды

Алматы қаласындағы Республикалық физико-математика мектебінде әр жыл сайын өткізілетін «Үздік сынып жетекші—2024» байқауы басталды. Бұл байқау сынып жетекшілерді кәсіби тұрғыдан жетілдіру мен қызметінің…

29
Feb
24

РФММ ата-аналар комитетінің жиналысы өтті

6 ақпан күні Алматы қаласындағы Республикалық физико-математика мектебінің ата-аналар комитетінің жиналысы өтті. Жиналыста заңгер Токсеитова Гүлмира Назымбекқызы қатысушыларды физикалық күзет қызметтерін көрсету туралы…

12
Feb
24

Оқушылыр арасындағы жүзуден Азия ашық чемпионатынан 5 медаль

2-4 ақпан аралығында Таиландтың Бангкок қаласында мектеп оқушылары арасында су спортынан ашық Азия Чемпионаты өтті. 14 елден қатысушыларды жинаған бұл жарысқа 896 спортшы…

25
Jan
24

VI Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT олимпиадасы өтті

2024 жылы 8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласы РФММ филиалында математика, физика және информатика бойынша олимпиадалық резерв мұғалімдері мен жаттықтырушыларының арасында VI Халықаралық ашық…

22
Jan
24

ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында РФММ командалық есепте ІІІ орын және қоржынына 21 медаль иеленді

2024 жылғы 13 қаңтарда “Алматы театр” ғимаратында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті. Алматы қаласының Республикалық…

17
Jan
24

7 СЫНЫПҚА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ БОЙЫНША КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ТІРКЕУ АШЫЛДЫ

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 7-сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау комиссиясы”…