17
Apr
18

2018 қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиаданың нәтижелері белгілі болды



Қазақстан екінші рет Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадаға (EGMO 2018) қатысып жатыр. Математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың қатысушылары арасында өткен іріктеу олимпиадаларынан кейін елдің атынан келесі 4 оқушы қатысатын болды: үшеуі РФММ оқушысы және біреуі Алматы қ. ФМБ НЗМ оқушысы.

EGMO 2018 өте көрікті және мәдени мұрасы мол Флоренция қаласында (Италия) өтті.

Ұшу оңай болған жоқ, екі рет ауысып отыру арқылы өтті. Қуанышқа орай, барлық рейстер уақытында болды, алайда бір ыңғайсыздық болды – бүкіл команданың жолжүгі жолда қалып қойды, ол келесі күні келді.

51 командадан 195 қатысушы болды, сондай-ақ олардың жетекшілері және ұйымдастырушылары қаланың тарихи орталығының жанындағы қонақүйде орналасты.

Ашылу Верди театрында өтті. Оны өткізу орны дәстүрлі емес ашылу салтанатына – театр қойылымына әкелді. Ресми сөздерден кейін ашылу сахнаға командалардың дәстүрлі шығуымен аяқталды.

Күннің екінші жартысында қатысушылар квест-ойын ойнады, сонымен бірге қала бойынша саяхат өтті.

Екі тур да екі күн бойы жергілікті жердің уақыты бойынша 4,5 сағаттан өтті, оның нәтижесінде оқушылар келесі балдарды және медальдарды алды:

Тегі, Аты Мектеп 1 2 3 4 5 6 Жиыны Марапат
1 Аманбаева Аружан РФММ, Алматы қ. 7 7 4 7 7 7 39 Алтын
2 Шынтай Алуа РФММ, Алматы қ. 7 2 3 5 7 2 26 Күміс
3 Катаева Асель РФММ, Алматы қ. 7 5 1 4 1 0 18 Қола
4 Джакибаева Акмарал Алматы қ. ФМБ НЗМ 7 1 0 4 2 0 14 Құрмет грамотасы

 

Үйлестіру (командалардың жетекшілері мен координаторлары арасында балдарды келісу үрдісі) уақытында қатысушылар Пиза және Лука қалаларына саяхатқа барды. Әрине олар Пизан мұнарасы жанында ұмытылмас фотосуреттер жасады.

Көріп отырғанымыздай біздің ел өткен жылдағыдай марапаттардың бүкіл жиынын алды. Және тағы да соңғы қатысушыға ренішті, себебі қола медалға дейін тек бір балл жетпей қалды.

Жалпы командалық бейресми есепте Қазақстан 11 орынды алды. Мұнда біз шамамен өткен жылғы нәтижені қайталадық, себебі команда 44 елдің арасында 8-10 орынға тұрды. Есептердің шарттарын және ұқсас нәтижелерді ресми сайтта табуға болады. Команданы және өз үлесін қосқан барлық адамдарды табысты нәтижелермен құттықтаймыз!

Қазақстан құрамасының қатысушылары, сондай-ақ ата-аналар мен ұстаздар РФММ Эндаумент қорын және «НЗМ» ДББҰ команданың іс-сапарын төлегені үшін алғыс білдіреді.

Ұмытылмас әсерлерден, қызықты және қиын есептерді шешіп көңіл көтеруден, медалдардан және марапаттардан, көрікті фотосуреттерден басқа қатысушылар жаңа достармен танысты. Келесі EGMO 2019 жылдың 7 сәуірінен бастап 13 сәуірін қоса алғанда Киев қаласында (Украина) өтеді.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

07
Jun
18

Жазғы бағдарламада тегін білім алу үшін 100 грант бойынша оқушылар мен студенттерді қатысуға шақырамыз

Алматы қаласында 2018 жылдың 25 маусымынан бастап 11 тамызын қоса алғанда nFactorial Incubator жобасының 4-маусымы өтеді. Бұл кәсіби инженер-программисттерді дайындау және бағдарламалық жасақтаманы…

29
May
18

Соңғы қоңырау

25 мамырда Алматы қ. РФММ-де 2017-2018 оқу жылының аяқталуына және «Соңғы қоңырауға» арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарада бітіруші сыныптардың 237 оқушысынан құралған парад…

26
May
18

РФММ жазғы олимпиадалық мектебі

Өткізу мерзімдері және кестесі төменде көрсетілген: 2018 жылдың 28 мамырынан бастап 16 маусымын қоса алғанда 7,8 және 10 сыныптың оқушыларына; Сабақтар сағат 9:00…

26
May
18

Сахаров оқулары оқушылардың XXVIII халықаралық ғылыми конференциясы

2018 жылдың 18 мамырынан бастап 21 мамырын қоса алғанда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) Академиялық университеттің Физика-техникалық мектебінің негізінде жыл сайынғы «Сахаров оқулары» атты…

21
May
18

М. В. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының бағдарламалау бойынша олимпиадасы

2018 жылдың 19 мамырында М. В. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының бағдарламалау бойынша олимпиадасы – 2018 өтті, оған ЖОО студенттерімен қатар Алматы қаласының…

21
May
18

Минск қаласында (Беларусь Республикасы) химия пәні бойынша 52 халықаралық Менделеев олимпиадасы (ММО) өтті

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап 29 сәуірін қоса алған мерзім ішінде Минск қаласында (Беларусь Республикасы) химия пәні бойынша 52 Халықаралық Менделеев олимпиадасы (ММО)…

21
May
18

Satbayev University университетінде бағдарламалау бойынша олимпиада өтті

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Satbayev University университетінде профессор Д. Н. Шукаевтың 75 жылдығына арналған бағдарламалау бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға Алматы қаласының физика-математикалық бағыттағы…

21
May
18

ҚазҰУ-да физика пәні бойынша 9-10 сынып оқушылары арасында Нұрғали Қойшыбаев атындағы қалалық олимпиада өтті

2018 жылдың 11 мамырында Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теориялық және ядролық физика кафедрасының негізінде физика пәні бойынша 9-10 сынып оқушылары арасында Нұрғали…

19
May
18

РФММ жазғы олимпиадалық мектебі

Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ негізінде келесі пәндер бойынша олимпиадаларға дайындауға арналған Жазғы мектеп жұмысын жүргізеді: · Математика · Физика · Информатика · Робототехника…

16
May
18

М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының бағдарламалау бойынша олимпиадасы – 2018

ACM ICPC нысанындағы стандартты ережелер. Күні: 2018 жылдың 19 мамыры (сенбі). Уақыты: 15:30-18:30 (Астана уақыты бойынша). Онлайн: ejudge.msu.kz Орнында: ММУ Қазақстандық филиалында (714)….