16
Feb
18

Программисттер мектебі, көктем 2018



ҚБТУ бағдарламалау бойынша олимпиадаларға дайындау секторы 2018 жылғы көктемгі семестрге «Программисттер мектебіне» іріктеуді жариялайды.                                                                                       Негізгі мақсат – оқушыларды информатика пәні бойынша олимпиадаларға дайындау.

Келесі 3 лигаға іріктеу жүріп жатыр:

1) Жоғарғы лига (10-11 сыныптар), бағдарламалау бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

2) Орта лига (9-10 сыныптар) информатика пәні бойынша республикалық, облыстық және қалалық олимпиадалардың қатысушылары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

3) Кіші лига (7-8 сыныптар) математика пәні бойынша үздік білімдері бар, логикалық ойлай алатын және информатика пәні бойынша базалық білімдері бар оқушылар.

Ұстаздары: бағдарламалау бойынша олимпиадалардың көп ретті жүлдегерлері

 

Қабылдау емтихандары келесі мекенжай бойынша өтеді:

2018 жылдың 25 ақпанында жексенбі күні сағат 10.00-де ҚБТУ-да 444 аудиторияда, Төле би көшесі жағынан кіру.                                                                                                                                    Іріктеу байқау бойынша жүргізіледі. Емтиханды табысты тапсырған оқушылар үшін сабақтар тегін болады.

Қатысуға ниет білдірген РФММ оқушылары қабылдау емтихандарын тапсыру үшін 20 ақпанға дейін сынып жетекшісі арқылы 215 кабинетте жазылу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар және электронды пошталар арқылы хабарласуға болады:

тел. +7(701)947-65-55e-mail:alimzhan.amanov@gmail.com

тел. +7(771)408-81-03e-mail:askar.akshabayev@gmail.com

 

сайт: http://acm.kbtu.kz

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

26
Jul
18

IQanat білім қоры

 «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ және «IQanat білім беру қору» қоғамдық қоры арасында білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісім  «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ және…

18
Jul
18

Оқушылардың «Туймаада» атты XXV Халықаралық олимпиадасы

2018 жылдың 8 шілдесінен бастап 15 шілдесін қоса алған аралықта Саха Республикасында (Якутия) Математика, физика, химия және информатика пәндерінен оқушылардың  «Туймаада» атты XXV…

13
Jul
18

59th INTERNATIONAL MATHEMATICAL OLYMPIAD

Румынияның Клуж-Напока қаласында 59 Халықаралық математикалық олимпиада (IMO-2018) аяқталды. Қазақстан құрамасы өзінің өткен жылғы нәтижесін жақсартты, бейресми командалық есепте 110 қатысушы елдің арасынан…

29
Jun
18

Мырза Ұлықбек атындағы физика мен астрономия бойынша І Халықаралық олимпиада

2018 жылдың 19-23 маусымы аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында Мырза Ұлықбек атындағы физика мен астрономия бойынша I халықаралық олимпиада өтті. Барлығы келесі 4 елден:…

21
Jun
18

4 сынып оқушыларына арналған математикалық бәйге және «Асық» қорытынды командалық тур

21 маусымда 4 сынып оқушыларына арналған Математикалық бәйге және «Асық» қорытынды командалық туры өтті. 4 сынып оқушыларына арналған Математикалық бәйге нәтижелері 4 сынып…

20
Jun
18

2 және 3 сыныптардың оқушыларына арналған математикалық бәйге

20 маусымда 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XI республикалық математикалық жарысы шеңберінде 2 және 3 сынып оқушыларына арналған Математикалық бәйге өтті. 2 сынып…

19
Jun
18

«Бастау» XI республикалық математикалық жарысы

19 маусымда 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XI республикалық математикалық жарысы басталды. Жарыс ашылғаннан кейін қатысушы-командалар «Әу, Баста!» турының жазбаша тапсырмаларын орындады. «Әу,…

16
Jun
18

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында «Алтын белгі» белгілерін және аттестаттарды тапсыру салтанаты өтті

15 маусымда М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында Алматы қаласындағы РФММ түлектеріне «Алтын белгі» белгілерін және аттестаттарды тапсыру салтанаты өтті. Іс-шараға келесі…