11
Jan
18

Студенттер Сарайында Халықаралық Жәутіков Олимпиадасының ресми ашылуы



2018 жылдың 11 қаңтарында сағат 16.00 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Студенттер сарайында Физика, математика және информатика пәндері бойынша ХІV  Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. Кеш бағдарламасында 15 елден келген 70 команда және халықаралық қазылар алқасы салтанатты таныстырылды.

Осы жылы дәстүрлі олимпиадаға Ресей,  Түркия, Индонезия, Беларусь, Болгария, Румыния, Сербия, Өзбекстан, Түркменстан және т.б. сияқты әлемнің 15 елінен келген 470-тен астам қатысушы қатысты.

Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР БҒМ бастамасымен өткізіледі.

Бұл олимпиаданың ерекшелігі – оның физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептер арасында бірден үш пән бойынша өткізілуінде.

Олимпиаданың қорытындылары бойынша жеке рейтинг, сондай-ақ мамандандырылған мектептердің ең күшті командаларының рейтингі шығарылатын болады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құнды сыйлықтар күтеді.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, әр түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық өзара қарым-қатынастарды орнату, олимпиадаларды ұйымдастырудың және өткізудің тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның білім және мәдениет деңгейін көрсету.

Олимпиаданың салтанатты жабылуы және қорытындыларды жариялау 2018 жылдың 15 қаңтарында сағат 16.00, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Студенттер сарайында өтеді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз:

 «РФММ» КеАҚ баспасөз қызметі

Байболатов Данеш Аскарбекович  8707 675 25 55

 

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

19
Apr
18

«Innovations & intelligence» бағдарламалау бойынша олимпиада

Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы 2018 жылдың 28 сәуірінде физика-математика бағытындағы Алматы…

17
Apr
18

2018 қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиаданың нәтижелері белгілі болды

Қазақстан екінші рет Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадаға (EGMO 2018) қатысып жатыр. Математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың қатысушылары арасында өткен іріктеу олимпиадаларынан кейін…

16
Apr
18

«Физика жүректің соғуымен»

13 сәуірде «Физика жүректің соғуымен» конференциясы өтті. Іс-шараны физика және информатика кафедрасының меңгерушісі Жұмагалиева Қарлығаш Қанатқызы өткізді. Оқушылар дыбысты физикалық құбылыс ретінде қарастырды,…

16
Apr
18

Proud of FIZMAT! Алматы РФММ оқушысы MIT Boston университетінде оқуға шақыру алды!

Республикалық физика-математика мектебі әрқашан өзінің оқушыларымен ерекшеленді. Жылдан жылға табысты жас ұрпақты шығарып мектеп Қазақстанның ең үздік оқу мекемелерінің біріне айналды. Бұл жыл…

12
Apr
18

Геометрия пәні бойынша XVI ауызша қалалық олимпиада

2018 жылдың 15 сәуірінде 8-11 сыныптарға арналған Геометрия пәні бойынша XVI ауызша қалалық олимпиада өтеді. Алматы қаласында Олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Механика-математика факультетінің…

10
Apr
18

XVIII ашық қалалық Жәутіков Олимпиадасы

Құрметті олимпиадалардың әуесқойлары! Дәстүрлі болып отыратын Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасы келесі үш пән бойынша өтеді: математика (6-9 сынып), физика (7-8 сынып) және информатика…

10
Apr
18

І Республикалық телевизиялық байқауда гран-при!

8 сәуірде Сәмен Изкеновтың басшылығымен «Мұрагер» домбра ансамблі «Өнерпаз болсаң…» атты І Республикалық телевизиялық байқауда гран-при жеңіп алды.

09
Apr
18

РФММ-де Наурыз мерекесі атап өтілді

7 сәуірде Наурыз мерекесі атап өтілді. Іс-шараның салтанатты ашылу уақытында мектеп республикалық олимпиаданың қатысушыларына құрмет көрсетті. Барлық сыныптарда тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Мектептің…

06
Apr
18

BREAKTHROUGH JUNIOR CHALLENGE 2018 ғылыми бейнероликтер байқауы

The Breakthrough Prize Foundation қоры BREAKTHROUGH JUNIOR CHALLENGE 2018 атты оқушылардың ғылыми бейнероликтерінің кезекті байқауының басталуы туралы жариялады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың 1…

03
Apr
18

РФММ оқушыларына арналған «Яндекс» және «Жоғары Экономика Мектебінің» дәрістері

2018 жылдың 2 сәуірінде Республикалық физика-математика мектебінің негізінде РФММ оқушылары үшін «Яндекс» және «ЖЭМ» бірлесіп ұйымдастырған 8-11 сынып оқушыларына араналған дәрістер сериясы өтті….