17
Sep
18

Алматы қаласының математика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары



Құрметті Алматы қаласының математика пәні мұғалімдері біз сіздерді Бұхар жырау 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Алматы қаласындағы РФММ негізінде өтетін математика пәні мұғалімдеріне арналған ұзақтығы 36 сағат болатын біліктілікті арттыру курстарының басталуы туралы хабардар етеміз. Курстарды ақысыз негізде физика-математика ғылымдарының кандидаты Владимир Васильевич Жук өткізеді. Математика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші модулі 2018 жылдың 28 қыркүйегінен бастап 9 қарашасын қоса алған мерзімде (әрбір жұма сайын сағат 16:00) өткізу жоспарланып отыр.

Курстарға Алматы қаласының барлық қатысуға ниет білдірген математика пәні мұғалімдері шақырылады. Тіркелу үшін 25.09.2018 ж. дейін http://tiny.cc/mathclass сілтемесі бойынша өту қажет.

Курстардың қорытындылары бойынша сертификаттар беріледі, үздіктерге дипломдар, сондай-ақ Халықаралық Жәутіков Олимпиадасын (ХЖО) өткізу кезінде болатын математика пәні мұғалімдерінің Халықаралық шығармашылық байқауына шақырулар беріледі.

Оқу нысаны: күндізгі.

Оқу тілі: орыс тілі.

Курстың сипаттамасы:

Математика, физика, химия, экономика және адамзат білімінің басқа да салаларының көптеген тапсырмалары теңдеулерді шешу қажеттілігіне алып келеді. Аталған курс иррационалды және логарифмдік теңдеулерді шешу әдістеріне арналған. Аталған теңдеулердің түрлерін шешу кезінде оқушыларда техникалық қабілеттерді табысты меңгеруіне қарамастан бірінші кезекте өз шешімін логикалық негіздеуде және орындалған өзгертулер түбірлердің жоғалуына немесе өзге түбірлердің пайда болуына алып келетінін түсіндіруде қиындықтар туындайды.

Аталған курстың шеңберінде нақты мысалдарда бірінші кезекте иррационалды және логарифмдік теңдеулерді шешудің негізгі тәсілдері (стандартты және стандартты емес), параметрлері бар теңдеулерді шешу әдістері қаралатын болады. Бөлек дәрістер математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауындағы есептерді талдау арналады.

Курс орта мектептің жоғарғы сыныптарында сабақ беретін мұғалімдерге арналған.

Оқу курсының материалдарын игеру мұғалімге қиындығы әр түрлі деңгейдегі иррационалды және логарифмдік теңдеулерді шешу қабілеттіерін меңгеруге, өзінің әдістемелік қоржынын толтыруға, сондай-ақ математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауларына дайындалуға мүмкіндік береді.

Қосымша сұрақтарыңыз болса хабарласыңыз:  Кәрім Асхат +7-747-062-2123   askhat.karim@fizmat.kz

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

11
Dec
18

9 сынып оқушыларының РФММ түлектерімен кездесуі

13 желтоқсанда 9 сынып оқушыларының келесі РФММ түлектерімен: 2013 жылдың түлегі, IOI қола жүлдегері, Халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын жүлдегері, ҚБТУ магистранты, ҚБТУ үздік…

11
Dec
18

Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауын өткізу туралы ақпарат

«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «РФММ» КеАҚ) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірге математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері…

11
Dec
18

РФММ ең үздік ұранына байқау

«РФММ 2029» жаңа стратегиясын әзірлеуге байланысты РФММ басшылығы барлық оқушыларды, қызметкерлерді, түлектерді және оқушылардың ата-аналарын РФММ ең үздік ұраны байқауына қатысуға шақырады. Ұранның…

11
Dec
18

РФММ-де «Жоспарлау. Тайм-менеджмент негіздері» тақырыбында тренинг түрінде сынып сағаты өтті

24 қарашада Е. А. Концова (9 «Д»), Г. К. Тастембекова (9 «Е») сынып жетекшілерінің және 9 «Е» сыныбының ата-аналарының (Н.Н. Макарова) тәрбие жоспарына сәйкес практикалық…

10
Dec
18

Информатика пәнінен Х Еуразиялық олимпиаданың қорытындылары (ШЫҰ елдері арасында)

2018 ж. 8-9 желтоқсанында Еуразиялық және Жалпы ресейлік бағдарламалау бойынша оқушылардың командалық олимпиадасы өтті. Осы жылы олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен алдын ала іріктеуден…

07
Dec
18

Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ 10 жылдық мерейтойына марапат

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Зияткерлік мектептердің қалыптасуына қосқан үлесі үшін математика пәні мұғалімі Ляззат Амергалиевна Есмагамбетованы мерейтойлық белгімен марапаттайды.  

07
Dec
18

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «РФММ» КеАҚ-ға 5 000 000 теңге мөлшерінде қаржылай қолдау көрсетті

2018 ж. 5 шілдесінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Алматы қ. орналасқан Республикалық физика-математика мектебінің бір филиалына компьютерлік жабдықтарды сатып алуда қаржылай қолдау…

07
Dec
18

Мұражайға саяхат

6.12.2018 жылы «Сырғалым» үйірме жетекшісі Мақсұтова Г. Ж.,  «Қазақтың 100 әні» үйірме жетекшісі Нусипова Ш. Ш., «Жаңалық жаршысы» үйірме жетекшісі Телебаева Л. С., бірлесіп «Қазақ ұлттық аспаптар» мұражайына…

04
Dec
18

Мұғалімдердің VI Халықаралық шығармашылық байқауы

1-2 желтоқсанда Алматы қ. №168 гимназияның негізінде Математика мұғалімдерінің республикалық қауымдастығы өткізетін Математика, физика мен информатика мұғалімдерінің VI Халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Олимпиадаға…

04
Dec
18

Республикалық Юниорлық олимпиада

2018 жылдың 7-8 желтоқсанында 7-8 сыныптардың оқушылары үшін жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық Юниорлық олимпиаданың облыстық турына іріктеу олимпиадасы өтеді. Юниорлық олимпиада оқушылардың…