Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
29
Nov
18

Физика пәнінен интернат-олимпиада



Қазір 28 қарашадан бастап 5 желтоқсанды қоса алған мерзімде олимпиаданың 1 қашықтан өтетін туры өтіп жатқандығын естеріңізге саламыз. Олимпиаданы BARSIC ортасында өту керек, виртуалды зертханалардың үлгілері тек одан жұмыс жасайды (http://distolymp2.spbu.ru/olymp/index_reg.html қараңыз). Тест пен теориялық есептерді тікелей браузерден өтуге болады.

Тур кезінде логин енгізгеннен кейін қатысушылар турға дейінгі кезеңдегі жаттықтыру есептерін емес, орындалу уақыты шектелген олимпиадалық тапсырмаларды алады. Серверге жіберілген барлық нәтижелер сақталады, тапсырмалардан алынған ұпайлар санын кез келген уақытта Қорытынды тарауынан көруге болады.

Тур кезінде http://distolymp.spbu.ru/phys/olymp/registration/user/ сілтемесі бойынша жаңа қатысушыларды тіркеу жалғасады.

Тур өтетін уақыты: турдың жоғарыда көрсетілген кез келген күні қатысушыға ыңғайлы уақытта. Олимпиаданы BARSIC ортасынан өту жөн болады (тіркеу ережелері туралы ақпарат жазылған http://distolymp2.spbu.ru/olymp/index_reg.html бетін қараңыз). Олимпиаданың сайтына кіргеннен кейін, логин мен құпия сөзді енгізгеннен кейін олимпиаданы бастау туралы ұсыныс жазылған жасыл терезе пайда болады. Қатысушы олимпиаданы бастауға келісімін бергеннен кейін уақытты есептеу басталады:

7 сынып — 1 сағ. 20 мин

8 сынып — 1 сағ. 30 мин

9 сынып — 1 сағ. 30 мин

10 сынып — 2 сағ.

11 сынып — 2 сағ.

Тур басталғаннан көрсетілген уақыт аяқталғанға дейін аталған қатысушы үшін нәтижелерді жіберу мүмкіндігі автоматты түрде тоқтатылады. Серверде көрсетілген уақыт Мәскеу уақытынан бір сағаттай айырмашылығы  бар, мұқият болыңыз!

Турды басқа логинмен қайта өтуге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.  2 турдан барлық қатысуға ниет білдірген тұлғалар өте алады, алайда 1 турдың қатысушылары оны бұрынғы логинмен өту қажет, сол себепті қатысушыларға 2 турға дейін өздерінің логиндері мен құпия сөздерін сақтау қажет.

Олимпиадаға 7-11 сынып оқушыларының барынша үлкен санын қатысуға шақырамыз. Қашықтан өтетін кезеңдерге (1 және 2 турларға) қатысатын оқушылардың шамамен үштен бір бөлігі грамоталар мен дипломдар алады! Тур кезінде тіркелген және кемінде бір жауапты жіберген оқушы қатысушы болып есептеледі.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…