Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

Қазіргі уақытта жаратылыстану ғылымдарының әдістемелік бірлестігінде он оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде бір ұстазымыз педгог-сарапшы біліктілігі бар PhD докторы (Д. С. Қазыбаева), біруі педагог-шебер (Н. Т. Кабулова), бес мұғалім педагог-зерттеуші. (Д. Т. Сенгербаев, Е. А. Концова, А. С. Нұрғалиева, Г. А. Хариева, Б. Б. Смайлов) және жас ұстаз Аскергалиева А., Тулғанова А.)   Олардың толыққанды білімі және оқытылатын пән жайлы түсінігі, оқу үрдісі шеңберінде оқушыларға білімді тиімді беру үшін қажетті қабілеттері және тәжірибесі бар. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаратылыстану ғылымдарының әдістемелік бірлестігін Сенгербаев Даурен Турарбаевич басқарады. Жаратылыстану ғылымдары ӘБ әдістемелік мәселесі  «Білім беру үрдісі сапасының негізі ретінде оқу қызметінің технологияларын және нысанын жетілдіру» Әдістемелік бірлестіктің міндеттері: – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді біріктіру үшін сабақтың практикасында және сыныптан тыс жұмыста кең қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын игеруді жалғастыру; – мектеп пәндерін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған білім беру технологияларын игеру бойынша жұмысты күшейту; – орта буында оқушыларды бейіналды дайындау бойынша жұмысты белсенді өткізу. Әдістемелік бірлестік мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, жаңа технологиялар негізінде білім беру талаптарына сәйкес олардың бәсекеге қабілеттілігін және біліктілігін арттыруды, сондай-ақ шығармашылық тұлғаны қалыптастыруды өз қызметінің ең басты бағыты ретінде анықтады. Мектептің мамандандырылған бағытын және тек нақты ғылымдардың пәндерінде ғана емес, жаратылыстану ғылымдарын дамыту үшін де зерттеудің бастапқы нүктесі ретінде – талдау, синтез және бағалау қолданбалы қабілеттерін қолданудың мүмкіндігін ескере отырып, РФММ-де барлық мектеп пәндері бойынша білім беру одан жоғарғы деңгейге көтеріледі. Әдістемелік бірлестікте жаңа технологияларды кең қолданумен жоғары әдістемелік деңгейде сабақтарды өткізу мақсаттары қойылған, бұл оқушылардың сауаттылығын жетілдіруге; портфолио мазмұнын толықтыру бойынша; мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын орындау бойынша ӘБ ұстаздарымен жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді. Кафедра мұғалімдері сабақтарда үш тілділік элементтерін қолданады, бұл РФММ оқушыларына қосымша сабақтарсыз әр түрлі деңгейдегі байқауларға және жобаларға қатысуға мүмкіндік береді. Оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылық жұмыстарды кең пайдалану тәжірибе жасау, бақылау, гипотезаларды  топтастыру және ұсыну қабілеттерін дамытуды болжайды, бұл нәтижесінде зерттеушілік қызметке алғышарт болып келеді. Әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындауды ұйымдастыру, дарынды балалармен жұмысты жетілдіру оқушылардың шығармашылық өнімділігіне жағдай жасайды. Кафедра білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұстаздардың оқу және ғылыми қызметі арасында қажетті теңгерімді қамтамасыз етеді.