Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

ПЕДАГОГИКА ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

Педагогика әдістемелік бірлестігі 2002 жылы ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта әдістемелік бірлестікте 14 тәрбиеші және 6 жоғары білімі бар тәрбиеші көмекші бар. Алты тәрбиеші жоғары санатты иеленеді, алтауы екінші санатты иеленеді.

Педагогика ӘБ зерттеу тақырыбы: «Дарынды балаларды тәрбиелеу әдістері мен нысанын жетілдіру». Әдістемелік бірлестіктің бүкіл жұмысы үшін бағдар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.

Тәрбие ісінің мақсаттары мен міндеттері:

  • Шығармашылық, дербес, адамгершілігі бар, өзін бағалай алатын және басқаларды құрметтей алатын тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау.
  • Тұлғаның рухани-адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру, дені сау, шығармашылыққа қабілетті және өз тағдырын шеше алатын өз елінің патриоттарын тәрбиелеу.
  • Тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін дамыту.

ӘБ қызметінің негізгі бағыттары:

  • азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие;
  • рухани-адамгершілік тәрбие;
  • еңбек және экономикалық тәрбие;
  • спорттық-сауықтыру және экологиялық тәрбие;
  • жалпы мәдени және шығармашылық-эстетикалық тәрбие;
  • зияткерлік және ақпараттық-мәдени тәрбие;
  • отбасылық тәрбие.

Көп мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу үшін интернатта әр түрлі үйірмелер жұмыс жасайды:

  • «100 кітап» жобасы;
  • «Сырғалым»;
  • «Шебер қолдар»;
  • «Дастархан»;
  • «Жаңалық жаршысы»;
  • «Домбыра»;
  • «Қазақтың 100 әні»;
  • «Жомарт жүрек»;
  • «Рухани жаңғыру».

Тәрбиеленушілердің физикалық дамуын қамтамасыз ету үшін келесі спорт секциялары жүргізіледі:

  • «бокс»;
  • «каратэ»;
  • «күрес»;
  • «волейбол»;
  • «үстел теннисі».