ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

Қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігінде 5 ұстаз жұмыс жасайды, олардың – 2 жоғары санат мұғалімдері, 2 бірінші санат мұғалімдері.

2017-2018 оқу жылында қоғамдық пәндердің ӘБ «нақты жағдайды ұғынуға қабілетті, сыни ойлай алатын, әлеуметтік белсенді ҚР азаматын тәрбиелеуге септігін тигізетін заманауи білім беру технологияларын жүзеге асыру үшін жағдайларды жасау» тақырыбында жұмыс жасайды.

ӘБ жұмысының мақсаты:

  • әмбебап білімдер, қабілеттер мен дағдылардың, сондай-ақ оқушылардың дербес қызметінің және жеке жауапкершілігінің тұтас жұйесін құру, яғни заманауи білім беру сапасын анықтайтын басты құзыреттіліктерді қалыптастыру;
  • оқушы тұлғасының дамуының және қалыптасуының бірыңғай тәрбие-білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша ұстаздардың шығармашылық жұмысы үшін жағдайларды жасау.

2017-2018 оқу жылына ӘБ міндеттері: 

  • мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын арттыру, олардың кәсіби және шығармашылық өсуін қамтамасыз ету;
  • оқу үрдісі заманауи тарих сабағына қойылатын барлық талаптарға сәйкес келуі үшін инновациялық педагогикалық технологияларды зерттеу және қолдану, атап айтқанда дамыта оқыту, ойын технологиялары, АКТ;
  • оқушыларда тарихты зерттеуге жағымды уәждемені қалыптастыру;
  • әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындауды ұйымдастыру, дарынды балалармен жұмысты жетілдіру;
  • білім берудің сапасы бойынша жұмысты жалғастыру, тарих, қоғамтану және құқықтану сабақтарында бағалау критерийлерін әзірлеу. Сабақтарда оқушылардың қызметін критерийлік бағалау элементтерін қолдану;
  • тарих пәнінің оқу кабинеттерінің пәндік базасын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру;
  • оқушылардың қабілеттерін дамытуға жету үшін әдістемелерді іздеу және сабақтың тиімділігін арттыру.