Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

АӘД ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

АӘД және дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі 1972 жылы мектептің негізі қаланғаннан бастап жұмыс істейді. Қазіргі кезде ӘБ құрамына 7 мұғалім (1 БӘД ұйымдастырушы-мұғалім, 6 – дене шынықтыру мұғалімі) кіреді: 2 мұғалім педагог-зеріттеуші, 1 мұғалім педагог-модератор. ӘБ мұғалімдері Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрларының біліктігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары бойынша курстардан өтті: екі мұғалім үшінші деңгейді өтті, үш мұғалім 2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ ПШО әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық кадрлардың кәсіби дамуының білім беру бағдарламасы бойынша мектепішілік курстарды аяқтады. ӘБ ұстаздары оқу және ғылыми сипаттағы мәселелерді шығармашылық шеше отырып, іскерлік ынтымақтастық жағдайында жұмыс жасайды. Әдістемелік бірлестікте: Абселемов Серикхан Ахметович, Ахметов Аскар Булатович, Игисинов Асхат Сергалиевич, Исмаилов Бахтияр Таирович, Куаншалин Данияр Елубаевич, Оспанова Мадина Сенбиевна, Каниев Мирас Мұратұлы. АӘТД және дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігін Куаншалин Данияр Елубайұлы басқарады. 2023-2024 оқу жылында ӘБ «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – білім беру үрдісі сапасының факторы» тақырыбында жұмыс істейді. ӘБ жұмысының мақсаты: жаңа педагогикалық және басқарушылық технологияларды енгізу есебінен мектептің жеке тұлғаға бағытталған білім беру кеңістігінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы және дамуы үшін жағдайларды құру.  Кафедраның міндеттері:
  1. Жан-жақты дамыған, физикалық дені сау азаматты – өз Отанының қорғаушысын және патриотын тәрбиелеу.
  2. Денсаулықты нығайту мақсатында білім беруде жаңа тәсілдерді енгізе отырып, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін жетілдіру, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттыру және кәсіби жұмысқа қабілетін сақтау.
  3. Оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру.