Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ

РФММ”КеАҚ математика кафедрасы

Кафедрада 32 мұғалім жұмыс істейді: 1 мұғалім — физика-математика ғылымдарының кандидаты, 11 мұғалім магистр дәрежесіне ие, 13 мұғалім педагог-шебер,  4 мұғалім педагог-зерттеуші, 4 мұғалім педагог-сарапшы, 4 мұғалім педагог-модераторлар.

 

Кафедрада: 32 мұғалім жұмыс істейді, олардың ішінде 11 магистр және13 мұғалім- педагог-шебер:Абылгазиев Ж.Н., Ахметова Г.З., Батыршаев М.Ж., Долаев А.С.,Есмагамбетова Л.А., Кошанова Р.И., Нагашбекова А.Т.,Омарова Г.С.,Омар М., Рыскулова У.Б. Скаков М.К., Шинасилова С.С., Шарипбжанова Ж.Б., жоғары санатты мұғалім Омарова Ш.С., 4 мұғалім педагог-зерттеуші:Ардақ Д., Ахметов Т.Д.,Кишкеева К.С., Соғамбаева Г.Б., 4 мұғалім педагог- сарапшы: Бегимбетов Т.П., Тоқтасбаев Б.Е., Файзиев Ш.А., Шубай А.М. 4 мұғалім педагог- модератор Аманкельдыұлы Қ., Даярбек Е., Раимбаева А.К., Оразалиев Б.Б., және педагог санатында 6 мұғалім Жаруллаев Д. Б., Айтжанов Е.Е., Қалибекова А.Қ., Азимов А.А., Онаев А.Т., Дидар М.С.

Математика кафедрасының меңгерушісі- педагог-шебер Нагашбекова Анар Тұрсынбекқызы.

Әдістемелік тақырып: «Математиканы тереңдетіп оқытуда білім беруді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін қолданып оқыту әдістемесін жетілдіру»

Математика кафедрасы жұмысының мақсаты: оқушылардың математика пәні бойынша қабілеттерін ашуға ықпал ететін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету; оқытудың дәстүрлі және инновациялық мүмкіндіктерін қолдану; дербес, бәсекеге қабілетті, жоғары адамгершілікті зияткерлік тұлғаны тәрбиелеу. Мұғалімдердің білімін үздіксіз дамыту; кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға ықпал ететін психологиялық-педагогикалық жағдай жасау.

Кафедра жұмысының негізгі бағыттары-оқушылардың оқу сапасын арттыруға ықпал ететін дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларының бірлігі мүмкіндіктерін пайдалану; мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің әдістемелік, теориялық және кәсіби деңгейін, олардың математика, сызу саласындағы эрудициясы мен құзыреттілігін үздіксіз жетілдіру.

Дарынды және талантты балалармен педагогикалық жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, математика кафедрасында қазіргі заманғы талаптар аясында коммуникативтік және кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында педагогтардың біліктілігін арттыру міндеті қойылған: мұғалім портфолиосының мазмұнын толықтыру бойынша жұмыс; мұғалімнің өзі де, оқушылар да мұғалімнің басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; компьютерлік сауаттылықты арттыру; мұғалім портфолиосының элементтерін енгізу. математика және сызу сабақтарында үштілділік; физика мен математикада қабілеті бар оқушыларды оқытудың инновациялық технологияларын енгізу.
Кафедра мүғалімдері жыл сайын халықаралық математика, физика және информатика мұғалімдері мен олимпиада резерві жаттықтырушыларының ашық шығармашылық байқауы – «IMPACT» олимпиадасына қатысушылар ретінде де, қазылар алқасының мүшелері ретінде де өз үлестерін қосады. Осы олимпиада аясында кафедраның барлық мұғалімдері математика мұғалімдеріне арналған семинарда өз тәжірибелерімен бөліседі.
Кафедра мұғалімдері 2012 жылдан бастап жыл сайын бастауыш сынып оқушыларына арналған “Бастау” республикалық математикалық турнирінің қазылар алқасының мүшелері болып табылады.
Мұғалімдер Шинасилова С.С., Нагашбекова А.Т., Омарова Ш.С., Жаруллаев Д.Б. математика мұғалімдерінің Мәскеу сырттай шығармашылық байқауының жүлдегерлері. Абылгазиев Ж.Н., Файзиев Ш.А., Бегимбетов Т.П., Жаруллаев Д.Б., Батыршаев М.Ж., “Математикалық регата” республикалық олимпиаданың қатысушылары мен жүлдегерлері. Кафедра мүшелері Долаев А.С., Кошанова Р.И., Нағашбекова А.Т., Омарова Г.С. әр жылдардағы математика мұғалімдерінің сьезінің қатысушылары.
Тәжірибе алмасу мақсатында кафедра мұғалімдері Астана және Орал қ.РФММ, НЗМ, дарынды балаларға арналған Жыланды арнайы лицей-интернатының (Алматы облысы), Жамбыл Қаппаров атындағы № 5 мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының (Түркістан облысы) математика пәні мұғалімдерімен тығыз байланыс орнатып, әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.