Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ

Физика кафедрасы

Физика кафедрасының құрамында  18 физика пәні мұғалімдері жұмыс істейді, оның ішінде   9 мұғалім  физика магистры,  8 мұғалім педагог – шебер , 4 мұғалім педагог– зерттеуші, 2 мұғалім педагог –модератор. Физика пәні мүғалімі Туякбаев Сабыр Туякбаевич Республика бойынша «Үздік педагог-2016» атағын алды,  3 мұғалім  “ҚР Білім беру ісінің үздігі”, 2 мұғалім “ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісінің иегері, 3 мұғалім Ы.  Алтынсарин атындағы төсбелгіснің иегері, 4 мұғалім Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, 3 мұғалім Алғыс хатпен марапатталған

Кафедраның мақсаты: Кафедра оқытушыларының жаңа педагогикалық технологияларды енгізу және педагогикалық іс-әрекетке интроспекция дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлік деңгейін көтеруге ұмтылысын дамытуға ықпал ететін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.

Физика кафедрасында 18 физика пәні мұғалімдері жұмыс істейді, олар  Туякбаев Сабыр Туякбаевич, Довгаль Юрий Николаевич, Кабдиева Гульмира Тулеповна, Жумагалиева Карлыгаш Канатовна,  Мусатай Санат Сағатұлы, Турагалдиева Шолпан Амреевна, Қабылқақ Мұрал, Мамутов Мусабек Сапахович, Шакиров Аман Кайратулы, Мурзабаев Абилкайыр Бердимуратович, Махамедова Гульзат Махамедовна, Бахтияр Елдос Бахтиярулы, Адилов Шерзод Рустамович, Ембергеноа Мағжан Мәзімбайулы, Керимбеков Даурен, Кисыков Елдос, Коканбаев Мейрамбек Зикирович, Оспанов Нурбек Калмагамбетович.

Кафедра меңгерушісі, педагог-шебер- Турагалдиева Шолпан Амреевна.

Біздің мұғалімдер  білім деңгейін көтеру мақсатында Халықаралық, Республикалық олимпиадаларға қатысып,  жүлделі орындарға ие болып жатады. Сонымен қатар кафедраның мұғалімдері кейбір Халықаралық және Республикалық олимпиадалардың жюри құрамына да болды.

Сонымен қатар, кафедра мұғалімдері Халықаралық, Республикалық мұғалімдерге арналған конферецияларда баяндама жасайды және  кафедра мұғалімдері Республиканың барлық аймақтарына барып физика пәні мұғалімдеріне арналған семинарлар өткізеді.

Физика кафедрасының мұғалімдерінің тағы бір жетістіктерінің бірі оқушылардың Халықаралық, республикалық олимпмадан жеңіспен оралуы деп білеміз. Сонымен қатар көптеген оқушылары физикадан әртүрлі ғылыми жарыстарға қатысады. Мектеп оқушылары дәстүрлі түрде республикалық және халықаралық жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болады.